Бүгін: 04 Сәуір Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Хабарлама

Хабарлама

19 Наурыз 2020 ж. 103

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коровирус Covid-19 пандемия деп жариялауына байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізілді.

Төтенше жағдай кезеңінде уақытша шектеулер, оның ішінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізуге шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты, 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында Ертіс ауданының әкімі мен оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауының тоқтатылғандығын хабарлаймыз.

Азаматтарды қабылдауды қайта бастағаннан кейін Сіздерге жаңа кесте туралы қосымша ақпарат беріледі.

Сонымен бірге, электронды үкіметтің «E-gov» порталы, Ертіс ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілерінің ресми мессенджерлері арқылы өтініштер жіберу мүмкіндігі берілгендігін атап өтеміз: (Instagram - abeysekin, WhatsApp нөмірі - 87051439226), аудан әкімінің ресми сайты: http://ertis.pavlodar.gov.kz.