Бүгін: 04 Сәуір Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар БҮГІНГІ КӘСІП – ЕРТЕҢГІ НӘСІП

БҮГІНГІ КӘСІП – ЕРТЕҢГІ НӘСІП

06 Наурыз 2020 ж. 132

Наурыз айының 5 жұлдызы күні аудан әкімі Аян Бейсекин бірнеше шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерді аралап, атқарып жатқан жұмыс түрлерімен танысты.

Ең әуелі ат басын аудан орталығынан шалғай орналасқан Сілеті ауылдық округіне қарасты Қызылағаш ауылындағы «Сағынбай» шаруа қожалығына тіреп, шаруа қожалығының басшысы Сағынбай Уабов шаруашылықтың жайымен таныстырып, 30-дан астам адам жұмыс істейтіндігін айтып, қазіргі таңда 650 аса ірі қара мал, 1200 аса қой, дала кемесіне айналған қамбар ата түлігі жылқы малынан 1000-ға тарта барын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Шаруа қожалығында барлық ауылшаруашылық текхика түрлері жеткілікті екенін айтты. Жер мен су мәселесі туралы аз да болса қиыншылықтар бар екенін жасырып қалмады. Келесі Голубовка ауылындағы «Абай атындағы» ЖШС барып, ондағы жұмыстар қалай атқарылып жатқанынан ЖШС басшысы Николай Миллер хабардар етіп, бүгінгі таңда 200-ге тарта жұмысшы жұмыс атқарып жатқанын, ірі қараның 2400 аса барын, соның ішінде сиыр 910 басты құраса, жылқы түлігі 998 бас екенін жеткізді. Жалпы егістік алқабының жер көлемі 61072 гектарды құрап отыр.

Панфилов ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылындағы «Кәрібаев» жеке кәсіпкерлігінің де атқарып жатқан жұмыс барысымен танысып өтті. Бұнда 5 жұмысшы жұмыс атқарса, 60-тан аса қой, 200-ден аса ірі қара мал басы және 2000 гектар жайылым жер бар екенін жайып салды.

Ертіс ауылындағы «ЖанБО» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Жанар Смаилова 2016 жылдан бері қарай жұмыс жасап келе жатқандарын айтып, бұнда ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар жасайтынын және 11 адам жұмыс істейтінін болса, қамыр илейтін, балмұздақ жасайтын, тоңазытқыш жабдықтары, тағамдарды әзірлейтін заманауи құрылғылар барын, барлық жабдықтармен толық қамтылғанын айтып, айына 300 кг өнім әзірлейтінін жеткізді.

«Руди» жеке кәсіпкерлігінің бүгінгі таңдағы атқарып жатқан жұмыстарымен басшысы Светлана Руди баяндап, ет өнімдерінен жасалған тағамдар және қамыр илеу, тұшпара жасау құрылғылары, өндірістік ет тартқыш машиналары барын тілге тиек етті. Күніне ет өнімдерінен 60 кг дейін азық түрін шығарса, айына 1 тоннаға жуық азық дайындайды.

Аудан әкімі Аян Бейсекин аудандық ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің жетекшісі Еркін Ескендіровке, сектор меңгерушісі Әділ Исинге және ат басын тіреген ауыл әкімдеріне кейбір мәселелермен айналысу керегін тапсырды.