Бүгін: 04 Сәуір Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ХАЛЫҚ НАЗЫ НАЗАРДА

ХАЛЫҚ НАЗЫ НАЗАРДА

04 Наурыз 2020 ж. 133

Наурыз айының 3 жұлдызы күні аудандық «Nur Otan» партиясы филиалында аудан әкімі Аян Бейсекин жеке бас сұрақтарымен аудан тұрғындарын қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар көкейдегі сұрақтарын ортаға салып, нақты жауаптарын саналарына қондырды. Кездесуде көпбалалы отбасынан шыққан балаларға ауыл ішіндегі автобусқа тегін жүру, тұрғын үй, қар тазалау және атаулы әлеуметтік көмек тақырыбындағы сұрақтар туындап, сан қырлы сауалдар өздерінің шешімдеріне ие болып, түсініктемелер берілді.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына әрбір мәселені егжей-тегжейлі қарау үшін жеке қабылдауға аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлімдердің басшылары және Ертіс ауылы әкімі қатысты. Барлық сұрақтар бақылауға алынды.