Бүгін: 29 Қаңтар Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ИГІ ДӘСТҮР БАСТАУЫ

ИГІ ДӘСТҮР БАСТАУЫ

20 Желтоқсан 2019 ж. 76

Еліміз Тәуелсіздік алғанына 28 жыл толды. Міне, осы қасиетке толы айтулы мереке күні аудан әкімі Аян Бейсекин Ұлы Отан соғысының ардагері болған Бапан Құсайыновтың, Желтоқсан оқиғасының куәгері Гүлнар Смағұлова мен Костыговтар отбастары мен көп балалы аналар Жанар Әбиева мен Алмагүл Ахметованы арнайы барып құттықтап, мерекелік сый-жоралғысын жасап, тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Қандай көмек түрлері қажеттігі де айтылып, барлық отбасы мүшелері үйлеріне арнайы атбасын тіреген аудан әкімі Аян Бейсекинге зор ризашылықтарын жаудырып, халық алдындағы еңбегіне сәттілік тіледі.