Бүгін: 29 Қаңтар Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар БӘРІ ДЕ ЕЛ ҚАМЫ

БӘРІ ДЕ ЕЛ ҚАМЫ

18 Желтоқсан 2019 ж. 54

Аудандық «Nur Otan» партиясының Ертіс аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының, «Nur Otan» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Аталған бірлескен отырысқа жауапты мекеме жетекшілері мен халық қалаулылары қатысты.

Кеңесті "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Ыдырысов ашып, жүргізді. Ол біздің елімізде 2020

жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы емхана меңгерушісі Мунира Болатханова хабарлады.

Баяндамашы хабарлағандай, МӘМС жүйесі 2020 жылдың қаңтарынан бастап медициналық қызмет көрсету 2 пакет бөлінетінін қарастырады: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстанның барлық халқына және МӘМС пакеті.

ТМКК-нің жаңа моделі. Барлық азаматтар, оралмандар, ҚР тұрғылықты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін:

жедел жәрдем және санитарлық авиация, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл және жоспарлы стационарды алмастыратын және  стационарлық көмек, паллиативтік көмек, консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулез дерті кезіндегі медициналық оңалту.

Мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар азаматтардың санаты: балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс

істемейтін азаматтар, бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алған адамдар, мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, тергеу изоляторында отырғандар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары мен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер, орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондайақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін ҚР бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы 5 жұмыс күні ішінде төленеді.

"Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуы туралы Ертіс ауылы әкімінің орынбасары Ағлан Сәрсембаев баяндады.

Ағымдағы жылы Ертіс ауылында арнайы жоба шеңберінде республикалық бюджеттен 216,1 млн.теңге, облыстық бюджеттен 19,8 млн. теңге әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді. Қаражат 5 жобаны іске асыруға бағытталды. Оның ішінде кентішілік жолдарды орташа жөндеуге 171,1 млн.теңге бөлінді. Көшені жарықтандыру шамдарын ауыстыруға және көшені жарықтандырудың жаңа электр беру желілерін орнатуға 64,8 млн.теңге қарастырылды.

Отырыс барысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу кезінде ықтимал қауіп-қатерлердің туындауын болдырмау үшін шешуді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер қаралды.