Бүгін: 29 Қаңтар Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Облыс бойынша алғашқы «Жас сарбаз» кабинетінің ашылуы

Облыс бойынша алғашқы «Жас сарбаз» кабинетінің ашылуы

13 Желтоқсан 2019 ж. 44

 Елбасының жолдауын іске асыру мақсатында 2019 жылдың 13 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту негізінде облыс бойынша алғашқы  «Жас сарбаз» заманауи кабинеті №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің аясында ашылды. 

Кабинетті ашу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ж.Сагинаев, облыстық дене шынықтыру және алғашқы әскери-технологиялық дайындығының аймақтық оқу-әдістемелік орталық басшысының орынбасары Т.Аленовқа берілді.

 18 жас сарбаз салтанатты түрде ант беріп, әскери істі өз сыныптастарынан бұрын 6 сыныптан бастайды. Алғашқы әскери дайындық негіздерін зерделеу үшін кабинетте барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, "Жас сарбаз" сыныбының жетекшісі К. Карякиннің айтуынша, кабинетті ашудың басты мақсаты -  әскери-патриоттық бағытта жүргізілген іс шаралар арқылы  жас ұрпақты туған еліне деген  патриоттық сезімдерін ояту.