Бүгін: 10 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ХАЛЫҚ НАЗЫ НАЗАРДА

ХАЛЫҚ НАЗЫ НАЗАРДА

21 Қараша 2019 ж. 34

21 қараша күні «Nur Otan» партиясының қоғамдық бөлімінде, біздің газет беттерінде және де ғаламтор жүйесінде айтылғандай Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыру, «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» жалпы республикалық іс-шара аясында аудан әкімі А.Бейсекин азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Дәл осы күні бір уақытта ауыл және ауылдық округ әкімдері де өз әкімшіліктерінде азаматтарды жеке қабылдауларын өткізген болатын.

Аудан әкімі А.Бейсекиннің қабылдауына келген 13 азаматтың өтініштерінің басым бөлігі жұмысқа орналасу мәселесімен келсе, енді бірі тұрғын үй, АӘК, қаржылық қолдау және де ауданның Құрметті азаматтығын алу болды.

Айта кететін болсақ, АӘК алатын азаматтардың жеке кәсіптерін ашу барысында АӘК тоқтатылып тұрғанына түсінбеушілік айтса, бүгінгі күні дипломы қолында тұрған маман мамандығы бойынша жұмыс сұрап, өтініштерін айтты. «Сахалин» және де Чайковский көшелерінің тұрғындары кешкі уақытта жарық көзінің жағылмайтынын жайып салды.

Зейнеткер әжелер аудан бойынша мәдениет саланың құлдырауын сөзге тиек етіп, 90-шы жылдары құрылған «Замандас» вокалды тобының қайта жандандыру жұмыстарын жасауды сұрай келе, вокалды топты жаңа әншілермен толықтыру жұмыстарын мәдениет бөлімі қолға алсын деп өтінді.

Сондай зейнеткер әже көп жылдар бойы ауданға деп еңбек етіп, тер төккен жұбайының неліктен «Ауданның Құрметті азаматы» атағына иеленбегеніне түсінбеушілік білдірді.

Қабылдау барысында 4 өтініш білдірушіге түсініктеме берілді, 9 мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беріліп, аудан әкімі және де «Nur Otan» партиясының қоғамдық бөлімінің бақылауына алынды.

Сондай - ақ, ауыл және ауылдық округ әкімдерімен жеке қабылдауда 16 адам қабылданды. Көше жарығы, жұмысқа орналастыру мәселесі, материалдық көмек көрсету, АӘК төлемі, тұрғын үй беру мәселелері туралы. 4 өтініш анағаттандырылып, 12 мәселе бақылауға алынды.