Бүгін: 10 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Ертіс ауданның жұлдыздары

Ертіс ауданның жұлдыздары

19 Қараша 2019 ж. 23

Ертіс балалар өнер мектебінің "Көркем" би ансамблінің жас орындаушылары (жетекшісі Бекбулатова Сұлушаш Талғатқызы) 2019 жылдың 16 – шы қараша күні Екібастұз қаласы Естай атындағы музыкалық мектебінде өткен "Фейерверк талантов" атты Халықаралық балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының байқау – фестивалінде  жеңіске жетті. Байқаудың мақсаты: әр түрлі стильдер мен өнер бағыттарын ұсынатын балалардың, жасөспірімдер мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту; ұжымдардың шығармашылық шеберлік деңгейін арттыру. "Хореография" номинациясы бойынша Павлодар, Екібастұз қалаларынан және Павлодар, Баянауыл аудандарынан 14 би ұжымы қатысты. Қатысушылар әр түрлі жастағы топтарда халықтық – сахналық, эстрадалық би түрлерінен жарысты.

"Кез – келген байқауға қатысу - жас бишілер үшін үлкен сынақ, байқаулар оларға сенімділікке қол жеткізуге көмектеседі, - дейді ансамбль жетекшісі. Менің жолым болды, бұл ұжымда талантты, талапшыл жұлдызшалар жиналды! Мен олардың еңбегі мен шыдамдылығы үшін ризамын. Болашақта біз көптеген қалаларды өз шығармашылығымен бағындырамыз деп үміттенеміз.

Біздің дарынды жас жұлдыздарға және ұстазына жаңа табыстар тілейміз!