Бүгін: 16 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар «Қыс-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу

«Қыс-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу

05 Қараша 2019 ж. 25

DJI_0186

DJI_0189

DJI_0207

DJI_0210

DJI_0227

DJI_0235

IMG_3148

IMG_3150

IMG_3159

IMG_3160

Ертіс ауданының аумағында «Қыс-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу барысында тактикалық-арнайы жаттығу өткізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 9 қазандағы №1-29-5-04/3770-И ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес, 5 қарашада азаматтық қорғау Мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру жәнеде басқарма органдарының күштері мен құралдарын дайындау мақсатында, Ертіс ауданының аумағында тактикалық-арнайы жаттығу өткізілді.

Бірінші кезекте Ертіс ауданының әкімдігі Ертіс ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп Ертіс ауданының шұғыл қызметтерінің сапқа тұрғызылып қарау өткізілді.

Практикалық іс-шараларда екі кіріспе пысықталды. Бірінші: "Қар үйінділерін жою бойынша ауданның АҚМҚ жолдар мен көпірлер қызметінің іс-әрекеттері", екінші «Резервтік және қайталанатын жүйелерді пайдалана отырып, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде ықтимал аварияларды жою».

Келесі әрекет Ертіс-ст.Иртышское облыстық маңызы бар тас жолында орналасқан оқу-жаттығу орнында, Ертіс ауылынан 2 шақырым жерде өткізілді.

Тактикалы-арнайы жаттығудың сценариі бойынша:

-  1-ші оқу-жаттығу орны Ертіс-ст.Иртышское облыстық маңызы бар тас жолы;

- тақырыбы: «Автомобильді жолдарда қар көшкіні пайда болғанда адамдарды іздеу мен құтқару үшін мобильді топтарының іс-әрекеті»;

- уақыты: 2019 жылдың 5 қарашасында сағат 10:00-ден бастап 10:40 дейін.

Оқу мақсаты:

  1. Автомобильді жолдарда қар көшкіні пайда болғанда шұғыл әрекет ету қызмет топтарының өзара іс-әрекеттері.
  2. Шұғыл әрекет ету қызмет топтарының, Ертіс ауданының азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында іс-әрекеттерін практика жүзіндегі пысықтау.

Тактикалық-арнайы жаттығудың негізгі міндеті, қысқы уақыт кезіндегі практикалық дағдыларын пысықтау болды.

ТАЖ өткізгенде Ертіс ауданының шұғыл әрекет ету  жасағынан 21 бірлік техникасы мен 37 адам жұмылдырылды.