Бүгін: 15 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар «UNIKUM» олимпиадаға дайындық лагері

«UNIKUM» олимпиадаға дайындық лагері

31 Қазан 2019 ж. 23

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес №3 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің аясында 2019 жылғы 28-30 қазан аралығында үш күндік  жалпы білім беретін пәндер бойынша «UNIKUM» олимпиадасына дайындық лагері өтті. Лагерге аудан мектептерінен 9-11 сыныптың дарынды оқушылары қатысты. Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Ж.Алмаханова, биология пәнінен А.Садетова, математика пәнінен Д.Тендік әдістемелік қолдау көрсету мақсатында оқушыларды олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісті.  Мұғалімдер лагерде екі ауысымда жалпы білім беретін пәндер бойынша белсенді дайындық жұмыстарын ұйымдастырды. Интеллектуалдық, спорттық  іс-шаралар өткізу арқылы оқушылардың  бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасалды. Лагерь барысында іс- шараға қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.