Бүгін: 15 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Ертіс ауданында "Көне ғасыр күмбірі" жобасының аяқталуы

Ертіс ауданында "Көне ғасыр күмбірі" жобасының аяқталуы

28 Қазан 2019 ж. 30

Ертіс Балалар өнер мектебінің концерт залында 25 қазан күні "Көне ғасыр күмбірі" жобасы аясында музыкалық кеш өтті. "Көне ғасыр күмбірі "жобасы ұлттық саясат пен мәдениет саласындағы мемлекеттік міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ" Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

"Керуен" фольклорлық ансамблінің құрылуы - жобаның құрамдас бөлігі, ансамбль өнер мектебінің ұстаздары мен оқушыларынан құрылды. Қазақтың әуендері, күйлері орындалды. Көрермендер алдында қазақтың музыкалық аспаптары – шертер, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген, сазсырнай және т. б. көрсетілді.

Жобаның басты мақсаты - халық музыкасын насихаттау, халық аспаптарын және оларда ойнау дәстүрін жаңғыртып және үйрене отырып, оқушылардан фольклорлық ансамбль құрып, этно аспаптарды жандандыру. Тарихымен бірге жасасып келе жатқан қасиетті музыкалық аспаптардың түрлерімен, жасалу тарихымен, үнімен таныстыру.