Бүгін: 16 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Ардагерлерді ардақтайық

Ардагерлерді ардақтайық

25 Қазан 2019 ж. 23

Аудан әкімі Аян Бейсекиннің одан кейінгі кездесуі аудандық «Атамұра» ардагерлер клубында ақшашты қариялар мен ақжаулықты асыл әжелер арасында жалғасты. Аудан әкімі ауданымыздың қарияларымен тоқсан сайын кезекті кездесуді мақсат тұтқанын айта келе, алдыңғы кездесуде көтерілген кейбір мәселелердің оң шешімін тапқаны, яғни аудандық орталық аурухана мен №2 қазақ орта мектебі кіре-беріс алаңына оңтайлы жұмыс жүргізген «Нұрал» ЖШС басшысы Серік Жансұлтановқа деген ризашылығын да аянып қалмады.

Ардагерлер арасынан көше атауларын өзгерту, мектеп атауларына өзіміздің біртуар жергілікті тұлғаларымыздың есімдерін беру, қол жетімді бағамен жәрмеңке ұйымдастыру және тағы басқа сұрақтар ортаға салынып, өз шешімдеріне ие болды. Сонымен қатар биылғы жылы мал азығы жем мен көмірдің бағасы көтерілгендігі жөніндегі сауалдар да көлеңкеде қалмады.

Одан әрі Чехов көшесінің кейбір жеріне түнгі шамдар жарығын өткізу, Карел полка көшесінің қалып қойған бір қиылысына асфальт төсеу сауалдарына ауыл әкімі Қайыржан Белгібаев жауап берді.

Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек, жарық шамдарын орнату қараша айында жүзеге асырылады. Жерлес ақынымыз Самат Мәненұлы республикамызға танымал жерлес балалар ақыны, Журналистер одағының мүшесі, ауданымыздың Құрметті азаматы болған Мүбәрак Жаманбалиновтың қараша айында болатын мерейлі 95 жылдығын салтанатты түрде атап өту жөніндегі ұсынысын ортаға салды.

Қараағаш – Ертіс бағытына жолаушылар үшін жұмасына екі немесе үш рет автобус қатынасы болса деген сұрақтар да жасырын қалмады.

Қойылған сұрақтардың бәрі бақылауға алынып, назарда болатынын жеткізген аудан әкімі Аян Бейсекин алтын уақыттарын бөліп келген ардагерлерге рахметін айтып, әр сейсенбі сайын аудандық «Nur Otan» партиясында азаматтарға жеке қабылдау жүргізетінін жеткізіп, санадағы сұрақтарына жауап іздеу мақсатында тұрғындарды жеке қабылдауға шақырды.

Аудан әкімінің еңбегіне зор табыстар тілеген ардагерлер бата беріп, ризашылықпен үйлеріне тарасты.