Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар БІЛІМНІҢ САРА ЖОЛЫНДА

БІЛІМНІҢ САРА ЖОЛЫНДА

04 Қазан 2019 ж. 29

Қазан айының 2-жұлдызы күні аудандық мәдениет үйінде ұстаздар төл мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

«Ұстаз» - қандай қасиетті сөз! Ұстаз деген ұлық есім. Адамзатты тек қана білімге ғана емес, сондай-ақ кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін мамандық иелерінің алдында біз қашан да қарыздармыз және ол кісілерге деген алғысымыз шексіз.

«Өнерліге есік ашық» деп бекер айтылмаса керек. Ардагер ұстаздар салтанатты шараның шымылдығын әнмен түріп, үзеңгілес ұжымдастарының

қошаметіне бөленіп, естелік сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар іс-шараға мамандандырылған мектептер тарапынан тағайындалған жетекшілер қатысып, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры Эльмира Бекмағанбетқызы бастаған әріптестерін ұстаздар күнімен құттықтай отырып, шағын сыйлықтарды тарту етіп, Ертіс №3 орта мектеп оқушылары әннен шашу шашты.

Ұстаздар қауымын мадақтамалармен марапаттау және құттықтау үшін сахна төріне аудан әкімі Аян Бейсекин көтерілді. Аудан әкімі өз сөзінде педагогика саласының ардагерлері мен аяулы ұстаздарды мерекемен құттықтап, ұстаз мамандығының ұлағатына тоқталып, саналы ғұмырын шәкірттеріне арнаған ұстаздар қауымына қанша мадақ, қанша мақтау айтсақ та көптік етпейтіндігін жеткізіп, оқушыларыңыз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін деп әр шаңыраққа бақбереке мен ғылым жолына шығармашылық табыстар тіледі.

Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Майқоңыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Тілеулинова, Панфилов орта мектебінің физика пәні мұғалімі Динара Усаханова, Ағашорын орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сейтғалы Бралинов, Ұзынсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Бянкина марапатталса, Алғыс хаттарға Ынтымақ негізгі мектебінің директоры Алма Тілемісова, Максим Горький орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Насиль Сагинова, №1 Ертіс орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәттібай Мұқашев және №2 Ертіс орта мектебі директорының орынбасары Жанат Шыңғысова ие болды. Барлық марапат иелеріне тұрмыстық техника сыйлықтары тарту етілді.

Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасына №2 Ертіс орта мектебінің физика пәні мұғалімі Гүлсім Мәмбетова, Майқоңыр орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гауһар Аралова, Ұзынсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ольга Бакирова ие болса, облыстық

білім басқармасының Алғыс хатымен білім бөлімінің әдіскері Камила Тыныбекова, Қараағаш орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хапыш Холомхас, Панфилов орта мектебінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Серік Арынов, Қосағаш орта мектебінің дене шынықтыр мұғалімі Оразалы Нұрбаев, «Жұлдыз» бөбектер-бақшасының әдіскері Назгүл Молдабаева, Ертіс агротехникалық колледжінің оқытушысы Наталья Аксюченко марапатталды.

Аудандық білім бөлімінің мадақтамаларымен «Шебер ұстаз» номинациясы бойынша Қызылжар орта мектебінің технология мұғалімі Айдын Исаханов және № Ертіс орта мектебінің информатика мұғалімі Қымбат Серікпаева марапатталды.

«Асылын беріп шәкіртке» номинациясы Тоқта негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Қайыров пен Бұланбай негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар Ескендіроваға берілді.

«Зерттеуші педагог» номинациясымен Қосағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жадыра Уақбаева марапатталды.

«Аялы алақан» номинациясы Абай орта мектебі шағын орталығының тәрбиешісі Назия Смағұлова мен «Жұлдыз» бөбектер - бақшасының меңгерушісі Әсемгүл Елмұратоваға ұсынылды.

Марапатталғандарға естелік сыйлықтар қоса тапсырылды. Сахна төрінде аудандықбілім бөлімінің жетекшісі Самал Қадірова кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін облыстық аумақтық кәсіподақ бірлестігінің Құрмет грамотасымен Северный орта мектебінің директоры Нығмет Жүсіпов пен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының Құрмет грамотасымен Қараағаш орта мектебінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Нағима Аужанованы марапаттады.

Ауданның 2019 жылы байқауларының қорытындылары бойынша «Жыл мұғалімі-2019» атағына Майқоңыр орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алмагүл Кенжегулова ие болса, «Жыл тәрбиешісі-2019» атағы Ертіс бөбектер-бақшасының тәрбиешісі Раиса Дорошенкоға бұйырды. Сонымен қатар жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Мектеп оқушылары аяулы ұстаздарын ән мен жырдың бесігіне бөледі.