Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ - МАҢЫЗДЫ СТРАТЕГИЯ

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ - МАҢЫЗДЫ СТРАТЕГИЯ

02 Қазан 2019 ж. 20

Ертіс аграрлық-техникалық колледжінде қазан айының 2 жұлдызы күні Павлодар облысының ауылдық колледждерінің студенттері, «Русская Поляна аграрлық техникумы» БКБМ шекаралық техникумының студенттері және Ертіс ауылы мектептерінің оқушылары арасында «Көптілді білім беру -маңызды стратегия» аймақаралық көптілді олимпиадасы өткізілді.

Аталмыш олимпиадаға Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі, Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі, Успен аграрлық-техникалық колледжі, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі, Железин аграрлық-техникалық колледжі, Тереңкөл аграрлық-техникалық колледжі, Русская Поляна аграрлық техникум студенттері және №1 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі, №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі оқушылары қатысты.

Бұл олимпиаданың негізгі мақсаттары, ол тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын іске асыру және ТЖКБ ұйымдарында көптілді білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында теориялық білімді терең меңгеруге және оларды кәсіби және оқу қызметінде практикалық қолдануға ықпал ету болып табылады.

Жалпы олимпиада үш кезең бойынша өткізілді. Ең әуелі бірінші кезең «My profession» визит карточкасы, екінші кезең мәтінмен үш тілде жұмыс жасау, үшінші кезеңде үш тіл бойынша тестпен жұмыс жасау болды.

Олимпиада қатысушыларын бағалайтын қазылар алқасының мүшелері құрамында Павлодар облысының білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Иманшарипова, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің ағылшын пәнінің оқытушысы Г.Ахметова, Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Т.Рахметова қатарлы білікті мамандар бағалады.

Тартысқа толы олимпиада қортындысы бойынша жүлделі I орынды Ертіс аграрлық-техникалық колледжі студенті Арман Титанов иеленсе, жүлделі II орынды Успен агарлықтехникалық колледжі студенті Дамира Нурленова қанжығасына байлап, жүлделі III орынды Красноармейска аграрлық-техникалық колледжі студенті Нүркен Низамов олжалап, жеңіс тұғырынан көрінді.

«Ағылшын тілінің эрудиті» номинациясы бойынша Русская Поляна аграрлық техникумы студенті Дарья Калашникова, №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі оқушысы Сабина Шакарова иеленді.

«Қазақ тілінің эрудиті» номинациясы бойынша Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі студенті Татьяна Котенева жеңіп алса, «Орыс тілінің эрудиті» номинациясына Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі студенті Айшагуль Аилбаева ие болды.

Олимпиадаға өз білімділігі мен біліктілігін сынға салған барлық қатысушылар сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.