Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ХАЛЫҚ НАЗЫ НАЗАРДА

ХАЛЫҚ НАЗЫ НАЗАРДА

30 Қыркүйек 2019 ж. 57

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекетін қалыптастыру бойынша міндеттердің аясында «Nur Otan» партиясының кеңсесінде аудан әкімі А.Бейсекин азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдауға Ертіс ауылы, Ынтымақ, Голубовка, И.Байзақов ауылдарынын тұрғындары, тұрғын үй, клуб ғимаратын жөндеу, жер бөлу, жұмыс  апшылығы туралы мәселелерін тарқатып өтті.

Қаралған әрбір жүгіну бойынша аудан әкімі бөлім басшылығына нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта азаматтардың өтінімдеріне шұғыл әрекет етуді тапсырды.

Барлық қойылған сұрақтар бойынша тапсырмалар мен жауаптар беріліп, бақылауға алынды.