Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

26 Қыркүйек 2019 ж. 37

Ертіс ауданында бокс негізін қалаушы Евгений Павлович Ужгинді еске алуға арналған облыстық турнирінің марапаттау және салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Еске алуға арналған облыстық турнирінің номинацияларының иегерлерін құттықтау және марапаттауына Ертіс ауданы әкімі аппарат басшысы Нығман Жүсіпов, Ертіс ауданының Құрметті азаматы, аудандық «Атамұра» клубының директоры Бауыржан Нұрғазинов, турнирдің бас төрешісі, АИБА төрешісі Рифхат Авазбакиев, Евгений Павлович Ужгиннің шәкірті Әміржан Темірханов, Ертіс ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Бәкібай Әміржанов, турнирдің бас хатшысы Таңатар Құрманбаевтар қатысып, жеңімпаздарды жеке-жеке марапаттады.

2004 - 2005, 2006 - 2007, 2008 - 2009 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы өтке бокстан Е.Ужгинді еске алуға арналған Павлодар облысының чемпионатында 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында 42 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Тимур Исқақов, екінші орынды Бекхан Түсіпбеков иеленді. 2006 - 2007 жылғы жасөспірімдер арасында 32 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Ахметжан Ахметжанов, екінші орынды Нұрсұлтан Ибрагимов иеленді; 34 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Ағынтай Баж, екінші орынды Рустам Рахметов иеленді;

36 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Али Рахметолла, екінші орынды Георгий Юрченко иеленді; 38 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Рауан Омаров, екінші орынды Нұрсұлтан Омаров иеленді;

40 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Диас Камерденов, екінші орынды Дамир Боранбаев иеленді; 42 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Ілияс Мұратов, екінші орынды Ринат Каикенов иеленді;

44 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Омармұхаммед Жүсіпов, екінші орынды Төрекелді Тілеубергенов иеленді; 50 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Нұрбол Қырқұш, екінші орынды Әмірхан Құрмет иеленді; 54 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Темірлан Қасымтаев, екінші орынды Ізбасар Ібін иеленді; 60 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Адиль Қасымов, екінші орынды Мадияр Серимов иеленді; +60 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Сергей Аверин, екінші орынды Артур Хатаев иеленді. 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында 54 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Алибек Нұрғазинов, екінші орынды Айбарыс Арнабекұлы иеленді; 57 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Дмитрий Пилипчук, екінші орынды Арман Балташ иеленді.

Бұл реткі 2004 - 2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнирінде «Үздік техника көрсеткен», «Жеңіске деген құштарлығы» номинациялары бойынша Ағынтай Баж, Ахметжан Ахметжанов, Нұрсұлтан Ибрагимов, Дияс Камерденов, Мадияр Серимовтар

үздіктер қатарынан көрініп, Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ертіс ауданының БЖСМ» марапатына ие болды. Мақтау қағаздарымен және естелік мүсіндер табыс етілді.