Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ - ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ - ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

18 Қыркүйек 2019 ж. 43

Қыркүйек айының 16 жұлдызы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында ел Президент Қасым–Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды нақты орындау мақсатында жиын болып өтті.

Аталмыш жиында Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары және Президенттік жастар кадрлар резервіне іріктеудің негізгі талаптары жайлы кеңінен тоқталды.

Бұл жиынға біздің ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов пен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының РМҚК Павлодар филиалының аға оқытушысы Молотхан Сұлтанқызы Омарова келіп қатысты.

Кездесуге мемлекеттік мекемелердің басшылары, жағалау маңындағы ауылдар әкімдері, перспективалы, талантты, креативті жас мемлекеттік қызметшілердің өкілдері де қатысты.

Бұл жиынды аудан әкімі Аян Бейсекин басшылық етіп жүргізіп, баршаңызға мәлім, 2-ші қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялады. Біз бүгін Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерін пысықтап, оларды жүзеге асырудың жолдарын талқыға салатын боламыз» - деп өз сөзін бастап, сөз кезегін Тоқтамыс Қадошұлына ұсынды.

Сөз алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов Президенттің жолдауына тоқталып, ондағы негізгі бес үлкен бағытта тапсырма берілгенін айтып, осы тапсырмаларды іске асыру үшін тек мемлекеттік мекемелер ғана емес барлығымыз бірлесіп осы жұмыстарды атқаруымыз керек деп өз сөзін бастады.

Қазақстанның өркендеп дамуы жолында жасалатын жұмыстарға мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді. Осы тапсырмаларды орындауға жастардың көптеп жұмыстар атқаруын айтып, әсіресе жастарды мемлекеттік қызметке шақыру керек екеніне тоқталып, мемлекеттік қызметтің маңызына ерекше назар аударды.

Әкімшілік полиция жұмысына тоқталып, олардың жұмысы мүлдем өзгеру тиіс. Олардың басты мақсаты халыққа қызмет көрсету екенінде айтып өтті.

Келесі сөзді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының РМҚК Павлодар филиалының аға оқытушысы Молотхан Сұлтанқызы Омарова алып, жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанын тағы бір мәрте еске салып өтті.

Еліміздің дамуы үшін маңызды саяси құжатта Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару институттарын нығайтуға баса көңіл бөліп, «Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет»

деп атап көрсеткенін тілге тиек етіп, сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметке кірісер алдындағы ұлықтау рәсімінде елімізді дамытуда жастардың потенциалының ерекше екенін айтып, «Президенттік жастар кадрлық резервін» жасақтауға тапсырма бергені жайында да сөз етті.

Бұл «Жастар жылы» аясында білімді әрі дарынды отансүйгіш жастарымызға берілген айрықша мүмкіндік, нақты қолдау екені анық деп өз сөзін сабақтады.

«Президенттік жастар кадрлық резервіне» қабылданған жастарға мемлекеттік басқару сектор жүйесінде басшылық лауазымға тұруға бірегей мүмкіндік ашылады деп көзделуде. Жоғары лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болатынын айтып өтіп, «Президенттік жастар кадрлық резерві» еліміздің билік саласына білімді де дарынды жас буынның келуіне жол ашатынына да тоқталды.

Жиынға қатысқан тұлғалар арнайы келген өкілдерге осы мәселелер бойынша көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды.