Бүгін: 22 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ТҰРҒЫНДАР ТҰРМЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАР ТҰРМЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

09 Қыркүйек 2019 ж. 63

Қыркүйек айының 3 жұлдызы күні аудандық Нұр-Отан партиясының филалында аудан әкімі Аян Бейсекиннің ауыл тұрғындарын қабылдауы болды.

Бұл қабылдауға әр түрлі мәселелер бойынша ауыл тұрғындары кезекпен келіп, өз мәселелерін ортаға салып, аудан әкіміне көптен көңілде сақталып жүрген сауалдарын қойып, әрқайсысы өз нақты жауаптарын алып, нақты дәлелдемелерге көз жеткізді.

Жалпы 12 отбасы қабылдауда болып, өздерінің шешімін таппай жүрген сұрақтарын аудан әкіміне жеткізді.

Оның ішінде тұрғын үй мәселесі, үй сатуда көмек көрсету мәселесі, қоныс аудару мәселесі бойынша көрсетілетін көмек туралы, ауладағы жер учаскесі туралы, жұмысқа орналастыру мәселесі туралы, мектепке жұмысқа орналастыру туралы сан қырлы сұрақтармен келген тұрғындарды тыңдады.

Аудан әкімі Аян Бейсекин қабылдауына келіп, өз сұрақтарын қойған ауыл тұрғындарының барлығының мәселелерін оң шешіммен шешетінін айтты.

Барлық мәселелер қаралып, талқыланып, сұрақтарының жауабын тапқан кейбір тұрғындар ризашылықпен қайтты. Қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін осындай маңызды қабылдаулар болып, түйткілді сұрақтар шешімін тауып, тұрғындар тұрмысы назарда болғанға не жетсін.