Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

06 Қыркүйек 2019 ж. 37

Аудан әкімі Аян Бейсекин жаңа оқу жылы қарсаңында агро-техникалық колледжінің жұмыс барысымен танысты.

Ертіс аудандық агро-техникалық колледжіндегі оқу және жатақханасындағы тұру жағдайларымен танысу барысында сенімді басқарушы «Оразбаев» шаруа қожалығының басшысы Сайлау Оразбаевпен кездесіп, колледж жағдайына қанықты.

Аудан әкімі жаңа оқу жылындағы оқу жоспарын ондағы материалдық техникалық құралдарды көріп, оқу сыныптарын аралап, колледждің жатақханасында тұрып оқып жатқан студенттердің жағдайымен танысты.

Колледж жетекшісінің орынбасары Наталья Смолякова бастан-аяқ колледжбен таныстырып, әр сыныптардың өз атқаратын қызметтерін баяндап өтті.

Аудан әкімі колледж жағдайын біліп, материалдық техникалық жағдайының жақсы, барлығы жеткілікті екенін көріп қайтты.