Бүгін: 18 Қыркүйек Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ДОМБЫРА СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

ДОМБЫРА СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

03 Қыркүйек 2019 ж. 12

Қыркүйек айының бірінші жұлдызы жаңа оқу жылы қарсаңында №4 Ертіс орта білім беру мектебінде қасиетті қара домбырамыз ұлықталып, арнайы домбыра үйрету кабинетінің тұсауы кесілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ашылған бұл домбыра сыныбының тұсаукесер рәсімін аудан әкімі Аян Бейсекин мен облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жасады.

Қазақтың күмбірлеген қара домбырасымен тамаша күй ойналып, шашу шашылып, келген қонақтар домбыра сыныбына кірді.

Ең әуелі сөз кезегін облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы алып, домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін тілге тиек етіп, кезінде біз отар ел болғанда біздің барлық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды тұншықтырып, қаншама ұлттық аспаптарымыздан айырып жоймақ болды, сонда ешкім қазақтан домбыраны ала алмады деп өз сөзін сабақтаған білім басқармасының басшысы барлық мектептерге домбыра сыныбын ашу керегін айтып өтіп, ары қарай өзінің ақжарма тілегімен құттықтады.

Келесі сөз аудан әкімі Аян Уахитұлына беріліп, жәдігер аспап домбыраның құдіретін сезініп, оны ұрпақ санасына сіңіру үшін осындай сыныптар көптеп ашылуы керегіне тоқталып, домбыра сыныбының алдағы істері жемісті де жеңісті болғай деп өз сөзін тәмамдады.

№4 Ертіс орта білім беру мектебінің директоры Ақтан Сұрағанов біздің мектеп былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 3 млн. теңге грантына ие болса, осы қаржының 1,5 млн. теңгесін домбыра сыныбын ашуға жұмсағандарын да тілге тиек етіп кетті.

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп жырлаған Қадыр Мырза Әлінің сөзін маңдайшасына жазған домбыра сыныбының алдағы уақытта рухы биік саналы ұрпақ тәрбиелеп шығары анық. Осындай рухани нәрмен сусындатар мұраларымыз насихатталып, рухымыз асқақтай берсін!