Бүгін: 18 Қыркүйек Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

26 Тамыз 2019 ж. 17

Тамыз айының 26 жұлдызы күні Ертіс ауданында «BILIM JÁNE ĊҮLYM!» конференциясы болып өтті.

Аталмыш конференция Елбасының алға қойған стратегиялық міндеттері контексінде Қазақстан Республикасында білім берудің және дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы елдің білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңі аясында өткізілді.

Аудандық тамыз конференциясына Ертіс ауданы әкімі Аян Бейсекин, аудан мәслихатының хатшысы Байшот Шыңғысов, облыстық білім беру басқармасының бас маманы, аудан кураторы Айнұр Культманова қатарлы зиялы қауым өкілдері қатысты.

Барша ұстаздар қауымын, педагогика саңлақтарын құттықтау үшін аудан әкімі Аян Бейсекин сөз алып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, мұғалімдерге үлкен сенім артты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұғалімдердің бала тәрбиесінде атқарар рөліне тоқталып, педагог мәртебесі туралы қабылданатын заң туралы да айтып өтті. Педагогика саласының ардагерлері ұлағатты ұрпақ тәрбилеу сіздердің қолдарыңызда деп өз сөзін жалғастырған аудан әкімі үш тұғырлы тіл мәселесіне де тоқталып өтіп, білім бөлімінен мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілде тәрбие және білім беретін топтардың санын көбейту бойынша шара қолдану тапсырмасын берді.

Келесі құттықтау сөзін аудандық білім беру басқармасының басшысы Самал Қадірова алып, барша ұстаздарды құттықтай келе, өткен оқу жылындағы жасалған жұмыстардың нәтижесін бағалайтын тамыз конференциясы ұстаздар үшін үлкен мүмкіндік екенін тілге тиек етті. Жаңа оқу жылымыздағы атқарар істер жетістікке толы болсын деп өз сөзін тәмамдады.

Абай орта мектебі директорының орынбасары Айнагүл Бахриденова да өз ыстық лебізін білдіріп, Абай жалпы орта білім беру мектебі 2018-2019 оқу жылы Павлодар қаласындағы дарынды мектеп, Назарбаев мектебінің тәжірибесімен танысқанын және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетімен тығыз байланыста жұмыстар атқарғанын баяндады.

Абай мектебінде білім алып, аудан атын облысқа, республикаға шығарған дарынды оқушыларға да тоқталып өтті.

Тәрбие жұмысының жүйесі бойынша Северный орта мектебінің директоры Нығмет Жүсіпов баяндап, өркениетті елдер білім жүйесін заманына сай өзгертеді дей келе, Северный шекаралық аймақ болған соң Омбы облысымен тығыз байланыста болатындарын, сол арқылы педагогтар өз

тәжірибелерімен бөлісетініне тоқталып, оқушылар мектеп қабырғасында ұлы тұлғалардың тарихынан хабардар болатынын да жасырмады.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту қазақстандық білім беруді жаңғыртудың стратегиялық бағыттарына жатады. Бұл өмірлік қажеттіліктен туындаған, себебі мектепте бүгінгі күні әлеуметтік тапсырысты ескеру, білім беру мекемесінің инновациялық дамуына тиісті көңіл бөлу қажет, ал бұл үшін қосымша ресурстар қажет.

Бұл әлеуметтік әріптестікті кеңейтумен, яғни білім беруді басқаруға қоғамдық қатысуды кеңейтумен қол жеткізіледі. Осыған байланысты мектептің қамқоршылық кеңесіне ерекше рөл беріледі. Бүгінгі таңда Панфилов орта мектебінің Қамқоршылық кеңесі Ботакөз Жарасова осы мәселелер бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Сахна төріне марапаттау үшін аудан әкімі Аян Бейсекин көтеріліп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасымен педагог қызметкерлердің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Масалимова, аудандық білім бөлімі жетекшісінің орынбасары М.Багиенова, Ұзынсу жалпы орта білім беру мектебінің директоры Қ.Молдабеков, №4 Ертіс орта мектебінің директоры А.Сұрағанов, білім бөлімінің кадр бойынша бас маманы А.Беспаева, Панфилов орта мектебінің география пәні мұғалімі Т.Жамбаева, Северный жалпы орта білім беру мектебінің спорт нұсқаушысы Б.Мақышев қатарлы тұлғаларды марапаттады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Алғыс хатымен №3 Ертіс орта мектебінің биология пәні мұғалімі Е.Черепко, Абай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ш.Уатаева, №1 Ертіс орта мектебінің мектепке дейінгі сынып тәрбиешісі

О.Петруша, №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің директоры А.Сәрсенова, "Балалар шығармашылығы және бос уақыт орталығы" директорының орынбасары Н.Бешкенова, №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің химия пәнінің мұғалімі А.Тілеуова, №3 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Елтышева, балалар шығармашылық және бос уақытты қамту орталығының әдіскері Б.Орумбаев,

№4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі И.Зорина, Ертіс ауылының бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Д.Сағитова, Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Семенова, Ертіс ауылының бөбекжай бақшасының әдіскері А.Дәуленова, №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Н.Аманкелді, Ұзынсу орта мектебінің бастапқы әскери дайындық оқытушысы В.Буданов, Қараағаш жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.Жұман қатарлы педагогтар қауымы марапаттарға ие болды.

Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Иса Байзақов жалпы орта білім беру мектебінің директоры Н.Тельгузинова, №3 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің мектепке дейінгі сынып тәрбиешісі Н.Карнач, Қараағаш жалпы орта білім беру мектебінің директоры М.Аушенов, Қызылқақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Құлахметова марапатталса, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен Бұланбай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ш.Мусина, Қоскөл жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Л.Наривончик, Северный жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Л.Кошля, Ертіс сәбилер бақшасының музыкалық жетекшісі Т.Дацко қатарлылар марапатталды.

Білім беру жүйесінде 25 жыл бойы талмай жұмыс істеген бірқатар мұғалімдер бағалы сыйлықтармен қоса марапатқа ие болды.

Аудан әкімінің арнайы 3 млн. тенге көлеміндегі сыйақысымен зерттеушілік ізденіс жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Ағашорын жалпы орта білім беру мектебі ие болса, шығармашылық табысы мол өнердің жарқын шырағына айналған Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі де дәл осындай сыйақы алса, Республикалық, халықаралық қашықтық олимпиадалардың жүлдегерлері Қосағаш жалпы орта білім беру мектебі және «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» салауатты өмір салтын ұстанып спорттық іс-шаралардың қатысушылары Қоскөл жалпы орта білім беру мектебі де осы сыйақылармен сыйланды.

Сахна төріне марапаттау және құттықтау үшін, Павлодар облысының білім беру басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы, Ертіс ауданының кураторы Айнұр Культуманова келіп, облыс білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қ.Шарипов, №1 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі И.Качанова, Майқоңыр жалпы орта білім беру мектебінің директор орынбасары Г.Нұрғажинова, балалар шығармашылығы және бос уақыт орталығы оқытушысы З.Гребенникова, Қызылжар орта білім беру мектебінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Н.Рысбек, Қызылжар орта мектебі директорының орынбасары С.Миронова, Ертіс Аграрлық-техникалық колледжінің әдіскері А.Қабжановалар марапатталса, облыс білім беру басқармасының Алғыс хаттарымен педагогика саласында еңбектеніп жүрген ұстаздары №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің сызу пәнінің мұғалімі О.Сакижанов, Амангелді жалпы орта білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі Г.Бейсекеева, Қараағаш жалпы орта білім беру мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Н.Аужанова, М.Горький орта мектебінің технология мұғалімі Г.Садвакасова қатарлы ұстаздар мен бірге «Ұлттық мектеп лигасы» аясында І облыстық спартакиадада ІІІ орынға ие болған Ертіс ауданы қоса сыйланды.

Марапаттау үшін, білім бөлімінің басшысы Самал Қадірова сахнаға келіп, білім бөлімінің Құрмет грамотасымен және білім бөлімінің Алғыс хатымен бірнеше педагог ұстаздардың еңбегі еленді.

Ауданның 2018 – 2019 оқу жылы байқауларының қорытындылары бойынша «Үздік орта білім беру ұйымы» атағына ие болған Караагаш жалпы орта білім беру мектебі, «Жаз -2019» атағына ие болған Ұзынсу жалпы орта білім беру мектебі, «Үздік кәсіби лагерь» номинациясына ие болған Северный жалпы орта білім беру мектебі, «Жасыл желек-2019» атағына ие болған Максим Горький жалпы орта білім беру мектептері марапатқа ие болды.

Жас педагогтар арасында облыстық бейнероликтер конкурсының жүлдегерлері «Балалар өнер мектебінің» ұжымы марапатталса, І лига оқушыларының 18-ші аудандық спартакиадасының қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен Қызылжар орта мектебі, II дәрежелі дипломмен №1 Ертіс орта мектебі, I лига чемпиондары №2 Ертіс орта мектебі болып танылып, марапаттарға ие болды.

II лига оқушыларының 18-ші аудандық спартакиадасының қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен Ұзынсу орта мектебі, II дәрежелі дипломмен Северный орта мектебі, II лига жеңімпаздары болып Панфилов орта мектебі танылды.

Ертіс аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының атынан жаңа оқу жылында өз жұмысын бастағалы тұрған жас мамандарға арнайы естелік сыйлықтар да табыс етілді.

Педагогикалық қызмет эстафетасын тапсыру үшін педагогикалық еңбек ардагері Е.Катиев сахнаға шығып барша педагогика саласының қызметкерлерін құттықтап, жас буын жаңа өкілдерге өз батасын берді.

Жас буын өкілдерінің арасынан Максим Горький орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Кажкеновке сөз беріліп, жаңа оқу жылын тың серпінмен бастап, осы ауданда өз тәжірибемізді шыңдап, ұлағатты ұстаз болуға, әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге барымызды саламыз деп өз сөзін тәмамдады.

Тамылжыған тамыз айының тамаша күні өткен тамыз конференциясы асқақтап әнұранмен басталып, шарықтап ұстазым әнімен өз шымылдығын жапты.

Аудандық тамыз конференциясында жыл бойы үздіктер қатарында болып, аудан атын облысқа шығарған ұстаздар мен мектептер өз бағаларын алып марапатталды.

Еңбектері еленіп, еңселері тіктелді. Алдағы жаңа оқу жылын педагогика саңлақтары тың серпінмен бастары анық.