Бүгін: 18 Қыркүйек Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 7,8 МЫҢ ГЕКТАРДА ДӘНДІ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 7,8 МЫҢ ГЕКТАРДА ДӘНДІ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ

16 Тамыз 2019 ж. 26

Бүгінгі күні оның 6,7 мың тоннасы бастырылған. Орташа шығымдылығы гектарына 8,6 центнерді құрайды, деп хабарлайды pavlodarnews тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков мәлім етті.

- Оның ішінде бидай – 800 гектар, арпа – 3,3 мың гектар, сұлы – 2,9 мың гектар және қысқы қарабидай 890 гектар, - дейді Нұрлан Сәдібеков. – Ең жоғары өнім Шарбақты ауданында гектарына 17,5 центнер, Тереңкөлде гектарына 8,6 центнерді құрады.

Картоп 870 гектарда, көкөніс 347 гектарда және бақша дақылдары 28 гектарда жиналған. Басқарма басшысының айтуынша, Ақсу қаласының ауылдық аймағы мен Павлодар ауданында картоп пен көкеністерді жинау басталып кеткен. Биылғы жылы 1,1 миллион гектар жерде астық жиналады. Оның басым бөлігін - 785,7 мың гектарын дәнді дақылдар, 210 гектарын - майлы дақылдар, 75 мың гектарын - жемшөп дақылдары, 17,8 мың гектарын картоп және 9,3 мың гектарын көкөніс пен бақша дақылдары алып жатыр.

Облыс әкімі Болат Бақауов қалалар мен аудандардың әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасына күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынын дұрыс пайдалануды және жиын-терім жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды. - Бағаны тұрақты ұстап тұру үшін жеткілікті қор жинап, бақша дақылдары өнімдерін басқа өңірлерге саудалау бойынша көмек көрсету керек, - деді Болат Бақауов.