Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар МЕДИАЦИЯ КҮНГІ ЖИЫН

МЕДИАЦИЯ КҮНГІ ЖИЫН

14 Тамыз 2019 ж. 67

Аудандық «Нұр Отан» партиясының филалында тамыз айының 5 жұлдызы күні бүкіл Республика көлемінде аталып өтіп жатқан медиация заңының қолданысқа енген күніне орай дөңгелек үстел болып өтті.

Аталмыш шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі А.Тілеуова бастап жүргізіп, аудандық сот төрайымы Д.Нұржанова сөз алып, медиация

дегеніміз не екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтіп, ауданымызда медиация бағытында қалай жұмыстар жасау керегіне тоқталды.

2011 жылғы 5 тамызда Тұңғыш Президенттің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында медиация туралы» Заңы күшіне енді, содан бері көптеген медиаторлар осы күнді «Қазақстандық медиация күні» деп атап, осы күндері әр түрлі жиындар өткізіп келе жатыр.

Облысымыздағы билер кеңесінің мүшесі Нұрболат Қабыкенұлы бұл жиында өз ойпікірін білдіріп, мектепте заң бұзушылық, немесе тәртіпсіздік орнаған жағдайда оны жоғары деңгейге жеткізбей өз іштерінен шешімін табу үшін медиаторлар болғаны пайдалы екенін айтып өтті.

Ал, ақын билер кеңесінің мүшесі Самат Мәненұлы болса, ауданымыздағы төрт мектепке де осы жұмысты жүйелестіру керек екенін тілге тиек етті.

Нотаруис саласынан Өрік Социалқызы да өз ойларын ортаға салып, осы қордаланған мәселелерді шешудің жолдарын айтып, өз ұсыныстарын айтты.

Біздің ауданға осы медиацияны қалыптастырған А.Ыдырысов екенін жиналған қауым еске алып, ол кісінің осы салада көптеген еңбектер атқарғанына тоқталып, осы істі ары қарай жалғастыру керегін айтты.

Жалпы медиация бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің жаңа түрі болып табылады. Ол жанжалдардың алдын алу және оларды сотқа жеткізбей шешу, сол сияқты халықтың құқықтық сауаттылығын нығайтуды көздейді.

 Бүгінгі таңда қоғамдық сананы жаңғыртудың бірден-бір жолы медиация институтын дамыту болып отырса осы орайда билер кеңесінің мүшелерімен тығыз байланыста болып, үлкен істер атқару ауданымыз үшін оң нәтиже болмақ.

Қарақылды қақ жарған билер мен медиаторлар бірігіп, кеңесіп пішкен тон келте болмайды демекші әр істі әділ түрде шешерлері сөзсіз.