Бүгін: 15 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ӘÍÄÅÐІ АҚ БЕСІКТЕ ТЕРБЕТІЛГЕН

ӘÍÄÅÐІ АҚ БЕСІКТЕ ТЕРБЕТІЛГЕН

08 Тамыз 2019 ж. 100

Тамыз айының 2 жұлдызы күні аудандық мәдениет үйінде «Ақ әжелер» ансамблінің 30 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті.

Кеңестік дәуірдегі кері тартпалық заманның әсерінен ұлттық құндылығымыз бен салт-дәстүріміз ұмыт бола бастаған еді. Егемендігіміздің лебі есіліп, тәуелсіздікке қол жеткізер уақыт келген кезде елдігімізді танытар салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың қанатын кеңейтіп дамыту мақсатын алға қойдық. Алдынғы буын аналардың басын қосып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды қолға алдық. 1989 жылы 1 наурызда «Ақ әжелер» ансамблі дүниеге келген еді. Сол жылы алғаш рет аудандық деңгейде Наурыз мерекесіне тамаша зор үлес қосқан «Ақ әжелер» ансамблі халықтың зор қошаметіне бөленді.

«Ақ әжелер» ансамблінің шығармашылық өмірбаянына тоқталатын болсақ: 1989 жылы 1 наурыз қарсаңында құрылып, шығармашылық жолын 1990 жылы Павлодар қаласында бастады. 1990 жылы Иса Байзақовтың 90 жылдығына арналған мерейтойында театрландырған көрініс көрсетті. 1991 жылы облыстық Чехов атындағы драмтеатрында көркемөнерпаздар байқауына қатысып, диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болған.

1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін талай облыстық, аудандық фестивальдар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүр.

1989 жылы құрылған әжелер ансамблінің негізгі мақсаты, ұмытылып бара жатқан қазақтың халық әндерін жас ұрпаққа жеткізу және ұлттық салт-дәстүрді де ұлықтау. Ақ әжелер сахнада ән айтып қана қоймай, концерттерінде қыз ұзату, баланы бесікке салу, келін түсіру, тұсау кесу т.б. ұлттық дәстүрлерді қойылыммен көрсетіп келеді. Олар жаз айларында ауылдарға концерттік бағдарламаларымен шығып, халықты ән-күймен сусындатып келеді.

Әжелер тобының ән қоржынында қазақтың халық әндері мен кеңес кезіндегі композиторлардың шығармалары бар. Ширек ғасыр халқына өнерімен, ұлттық құндылық парасаттарды насихаттап жүрген «Ақ әжелер» ансамблінің алғашқы құрамында 25 адам болса, бүгінде 12 адам бар.

«Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері Бақыт Ахметова, Нағима Захирова, Қадиша Жарасова, Күлжиян Құдасова, Майдан Хамитова, Ұлбосын Қонақбаева, Сақан Сәкіжанова, Майра Тыныбекова, Мәншүк Ыдырысова, Батия Мусралинова, Биғайша Қалитова, Сәния Өтепбергенова және Қабира Шамилова сахна төріне көтеріліп, көрермен шапалағының шаттығына бөленді.

Алғаш құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жаңбырбай Сағынаев «Ақ әжелер» ансамблінің өнердегі салған сара жолына тоқталып, шығармашылық табыстар тілеп, Алғыс хатпен марапатын ұсынды.

Кеш шымылдығы жерлес ақынымыз Мүбәрак Жаманбалиновтың сөзіне жазылған «Әйгілі аудан - Ертісім» әнімен ашылып, облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәденисауық қызметі орталығының, мәдени-сауық қызметі бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Бұзаубаева өз құттықтауын жеткізіп, ансамблдің шығармашылық жолдарына тоқталып, марапатын жолдады.

Аудандық «Атамұра» ардагерлер клубының директоры Бауыржан Нұрғазинов шығармашылық жолдағы әжелер еңбегінің зор екендігін көпшілікке жеткізіп, жүрек тұңғиығынан шыққан лебіздерін арнап, сыйжоралғысын жасады.

Одан әрі кеш әжелеріміздің репертуарындағы әндермен жалғасып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаз жігіттері мен өнер адамдарының орындауындағы әндермен жалғасты.

Кеш соңында «Ақ әжелер» тобының мүшесі Қадиша Жарасова алғыс сөзін арнады. Өскелең ұрпаққа халқымыздың бай қазынасынан тамаша тәлім тәрбие үлестіріп жүрген «Ақ әжелер» ансамблін халықтың зор ризашылығымен қатар аудан басшылары және өнертанушы бауырларымыз тарапынан ерекше назар, қолдау болып жатса нұр үстіне нұр болып, бергенінен берері көп қарияларымызға қанат бітіріп, қадірін танығанымыз сол болар еді.