Бүгін: 18 Қыркүйек Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылық жасауды туғызатын себеп пен шарттарды, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде жиналыс өткізілді.

«Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылық жасауды туғызатын себеп пен шарттарды, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде жиналыс өткізілді.

16 Шілде 2019 ж. 45

 45378657

453243

2019 жылдың 15 шілдесінде Ертіс ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы Болатбек Кәрімұлы Шәріповтің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылық жасауды туғызатын себеп пен шарттарды, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде жиналыс өтті.

Жиналысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев, Ертіс ауданының ауылдық округі әкімдері, ауданының бөлім басшылары қатысты.

Д.Ғ. Құрақбаев сөз сөйлеп, жиналысқа қатысушыларды ҚР ҚІЖК-нің 200 бабының тәртібінде №195500131000089 қылмыстық ісі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылық жасауды туғызатын себеп пен шарттарды, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан түскен ұсыныспен таныстырды.

Жиналыста қаралып, талқыланған ұсыным бойынша осындай кемшіліктердің алдын алу үшін төмендегі шаралар қолданылсын деп шешілді:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылыққа қарсы әңгімелесу өткізу.
  2. Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда 1424 сенім телефонына хабарлау.
  3. Аталған іс бойынша кемшіліктерге жол берген тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану.