Бүгін: 21 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Алтын астық жинаймыз

Алтын астық жинаймыз

27 Қыркүйек 2017 ж. 114

Ауданның егіс даласында, ауа райының құбылмалы күндерімен қолайсыздығы артта қалып, егіншілер егін алқабына еккен өнімін жинауға шыққалы 1-2 аптаның жо­басы. Биыл ғана құрылған «Ертіс-2017МТС» АТК алғашқы егін орағын белсенділікпен бастап кетті.

Жаңа, заманауи техникаға ие болған механизаторлар, тех­никаны ұтымды пайдаланып көтеріңкі көңіл күйде еңбек етуде. Бұдан бұрын айтқанымыздай АТК құрамына енген 13 құрылтайшы; «Нұртас», «Даниел», «Тайфун», «Шынар», «Арман» секілді жалпы егіс көлемі 5 мың гек­тарды құрайтын шағын шаруа қожалықтары. Ауданның егіс даласын аралай жүріп баты­сына жолымыз түскен күні АТК Қоскол ауылдық округіндегі 150 га жері бар «Арман» шаруа қожалығының егіс даласын­да еңбек етуде екен. Осы шаруа қожалығының басшы­сы Арман Қабиевтың айту­ынша биылғы жылға дейін осы егін алқабын жинауға бір ай уақыт кететін көрінеді, ал биыл 4 жаңа комбайн бар болғаны бір тәулікте жинап берген. АТК нің кереметі осында жатса керек. МТС тің жұмысына риза болған шаруашылық басшысы А.Қабиев, осындай көмекпен егіс көлемін ұлғайтуға үмітті екенін жасыра ал­мады. Бұрнағы жылдар егін орағы көпке созылып, сүрдігер(зябь) жыртуға уақыт қалмайтын, АТК көмегімен күзгі дала жұмыстарын толығымен өткізетін болдық дейді ШҚ басшысы.

Бауырлас Беларус елінде жасалған Полесье комбайн­дары алымдылығы 9 метрлік әмбебап(универсал) жаткалар­мен жабдықталған, олай дейтініміз жаткалар бөлектеп және тікелей оруға бейімді. Техникалық сарап­тамасына сай өнім шығыны бар болғаны 1,5-2 пайызды құрайды, ал бұрынғы техникаларда шығын 15-20 пайызға дейін баратын. Биыл Ертістің егіс даласына Алланың мейірімі де мол, осы шаруашылық секілді қай жерде болмасын егін өнімділігі гектары­на 12 цен. төмен емес.

Жиналған астықты Азық түлік корпорациясына бекітілген бағамен тапсырудамыз. Бұл ли­зингке алынған, әрбірінің құны 46,5 млн. теңгені құрайтын 5 ком­байн үшін жылына 30 млн теңге төлеуге мүмкіндік беріп отыр. Келесі жылға егіс кешендерін са­тып алу ойымызда, осы арқылы құрылтайшы емес басқа да шағын шаруашылықтарға көмек бере аламыз деген үміттеміз-дейді АТК басшысы Ж.Қанапиянов.

Ағашорын ауылдық округінің егіс даласында егін орағы күн санап қыза түсуде. Егіс дала­сында бірлесіп еңбек етіп жатқан «Нива», «Замандас», «Нұр» секілді ШҚ егініне амеркикандық кең алымды «Джон Дир» ком­байндары жұмылдырылып, күніне 500 гектардың астығын жинауда. Жыл сайын егін орағына жаңа үрдіс кіргізетін ағашорындықтар, комбайндардың орынсыз тоқтап қалуын шектейтін сыйымдылығы 32 тоннаны құрайтын бункер- жинақтаушыны (накопитель) пай­далануда, енді салмағы ауыр КА­МАЗ автокөліктері комбайндардың соңынан жүрмей, астақты бункер- жинақтаушыдан артып қырманға тартады, бұл еңбек өнімділігін 30 пайыз арттыруға мүмкіндік беріп отыр дейді біріккен шаруашылықтарға басшылық жасап жүрген Б.Бәкішев. Биылғы жылы аудан табиғатына бейімделген «Қазақстан-15», «Ертіс-7», «Омбы-38», «Мерекелі Павлодар»(Павлодарская юби­лейная) сорттары себілген еді, өнімділігі жоғары гектарына 12 цен. айналуда. Құндылығы да өте жақсы. Мысалы 3-сұрыпты бидайдың балуызы(клейковина) 23-27, табиғи сапасы(натура) 780-820 құрайды-дейді төккен тердің ақталғанына дән риза, егін орағында жантайып де­малуды білмейтін Балғабай Қайыркенұлы.