Бүгін: 16 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Достығыныз жарасқан мереке

Достығыныз жарасқан мереке

25 Қыркүйек 2017 ж. 142

20-қыркүйекте Ертістің №4 мектебінде «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан халықтарының тілдер күні» салтанатты түрде тойланып өтті.

Елбасының 1998 жылы 20- қаңтарда бекіткен жарлығына сәйкес сол жылдың 22- қыркүйегінен тойланып келе жатқан осы мерекеге аудан әкімі Серік Батырғожинов, әкімшіліктің барлық бөлімдерінің басшыла­ры, аудан орталығындағы барлық мектептердің оқытушылары мен оқушылары, еңбек ардагарлері, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері келешек ұрпаққа толағай тәлім беретін мереке­ге ерекше ыждаһаттылықпен бір кісідей қатысты. Қатысып қана қоймай, мерекенің мәнді де, мағналы өтуіне ат салысты.

Мерекенің қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүргізілуі дау жоқ Елбасының ұлттық саясатының бүгінгі өміріміздегі мызғымас белдеуі, мәңгі жол сілтеп тұратын Темірқазығы екендігінің айғағы

Мереке «Мирас» қазақ этномәдени бірлестігінің қазақ музыка өнерінің сүлейі Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Ата толғау» күйімен басталып сөз аудан әкімі Серік Барлыбайұлына берілді.

Аудан басшысы жиналғандарды мерекелерімен құттықтай келе: ауданымызда 30 астам ұлт өкілдері тұрады Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясаты арқасында тату-тәтті, ынтымақта, өмір сүріп жатырмыз. Достығымызға 25 жыл ішінде көлеңке түсірмей, ел ертеңі, ел келешегі үшін әрқайсысы өз сала­сында жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінгі тіл мерекесі тек қазақ тілінің ғана емес, ұланғайыр қазақ дала­сында тұратын барлық ұлттардың этностардың төл мерекесі екенін ешқашан, ешқандай жағдайда естен шығармауымыз қажет. Өміріміздің мәнділігі де, сәнділігі де сонда деп сөзін түйді. Сосын Серік Барлыбайұлы әкімнің Алғыс хатымен Тілдер мерекесінің атап өтілуіне орай, ұлттық мәдениетті насихаттауға бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін «Атамұра» ардагарлер клубның ұжымын, халықтар достығын нығайтуға, ұлттық мәдениетті насихаттауға, өз ұлтының ғана емес, өзге ұлттардың да мәдени дәстүрін сақтауға, жалғастыруға қосқан сүбелі үлесі және көп жылдық жемісті еңбегі үшін Тамара Влади­мировна Дымованы марапаттады. Аудан басшысы «Қазақ», «Орыс», «Украин», «Беларус», «Болгар», «Өзбек» этнотоптары әзірлеген мерекелік дастархандардан дәм татып, бүгінгі тойға тыңғылықты дайындалған топ өкілдеріне жүрек жарды алғысын білдіріп, олардың да жылы лебіздерін тыңдады.

Той мерекелік концертпен жалғасты. Мәдениет үйінің әншісі Салтанат Шәмей «Атам қазақ болған соң» әнін, зейнет­кер Тимофей Евтушенко баянда сүйемелдеуімен Лидия Богачева «Хлеб всему голова» әнін жоғары кәсіптік деңгейде орындаса, Биғайша Қалитова, Бақыт Ахме­това, Майдан Хамитова Салта­нат Шәмейдің сүйемелдеуімен қазақтың бірнеше халық әндерін орындап көптің көңілінен шықты. Әр ұлттық этноорталықтар өз тілдерінде халық әндерін шырқап, желпіндіре би билеп, жиналған қауымға ұлттық ойын ұсынып тойдың мәнді де, сәнді арқауы бол­ды. Көңілді, қызықты көп көңілін елеңдетіп бейжай қалдырмай өткен бүгінгі мерекенің басты ерекшілігі жиналған қауымның жәй көрермен емес, тойдың әншісі, бишісі болып қатысуы дер едім. Дүрмекті тойдың соңына та­ман барлық этноорталықтардың, жиналған қауымның шеңбер құрып қол ұстасып би билеп, көпке таны­мал әндерді орындағандардың бел ортасында аудан әкімі де жүрді. Аудан басшысы лауазымы­на қарамастан көптің жүрек жарды қызығын бірге тойлап топ орта­сында жүруі «ұлық болсаң, кішік бол» дейтін қазақтың ұлағатты мақалының дәлелі болар.

Мерекенің соңында той сал­танатына жиналған қалың қауым естелік суретке түсіп, келесі жылдың тойында аман-сау жолығуға жазсын деп тарасты.