Бүгін: 21 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Облыс әкімінің сапары

Облыс әкімінің сапары

15 Қыркүйек 2017 ж. 118

9-қыркүйек күні ауданымызға облыс әкімі Бо­лат Бақауов іссапапрмен келіп, елді мекендердегі әлеуметтік орындарында болып, егіс алқаптарын аралап қайтты.

Бұдан бұрын, көктем ай­ларында келген сапарында ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен кездесіп, шағын шаруа қожалықтарына егін себу және ору науқандарында көмек көрсету үшін ауданда МТС ашудың тиімділігі туралы айтқан болатын. Содан болар атбасын «Ертіс МТС» тіреп, атқарылып жатқан жұмыстарға назар аудар­ды. «Ертіс МТС» АТК төрағасы Жеңіс Қанапиянов: коопера­тивте 13 құрылтайшы жұмыс атқаратынын, 1000 га дейінгі жер участогі бар шаруашылықтардың көктемгі егістік және егін ору науқанында көмек көрсетілгенін айтып өтті.

МТС тің мақсат міндеттерінің орындалуына «Полесье» марка­лы 5 комбайн алынған олар, егінді тікелей немесе бөлектеп оруға бейімделген универсалды «Дон Мор» жаткасымен жабдықталған. Бүгінгі таңда орылуға тиеслі 5000 га егіннің 30 пайызы орылып ба­стырылды. Егіннің түсімі гектары­на 10 цен. айналуда, сапасы да өте жоғары дейді Ж.Қанапиянов.

МТС өкілдерімен болған әңгімеде аймақ басшысы техниканың орынсыз тұрып қалуына жол бермей, тиімді пайдалану керектігін ескерітті. Сондай-ақ бүгінгі күн талабына сай сұранысқа ие жасмық (чече­вица) секілді бұршақ тұқымдас өсімдікті себумен айналысуды қолға алу қажеттігін бірақ оның көлемін шектен тыс көбейтпеу керектігін баса айтты.

Сосын ауданның тіректі ауы­лы Ағашорында мектеп, бұрынғы мәдениет үйінің ғимараты, медпунктте болып, әлеуметтік орындарға бөлінген қаржыны тиімді, сапалы пайдалануды ойлау, алдымен ауыз су, жол мәселелерінің дұрыс шешілуін қадағалауды тапсырды.

Ауылдың егіс алқабында сапа­рын жалғастырған аймақ басшы­сы, «Замандас», «Нива», «Еңбек» шаруа қожалықтарының басшы­ларына жолықты. «Замандас» ШҚ басшысы Б.Бәкішевтің айтуынша егін түсімі жаман емес, гектарына 12 цен. айналуда, ал аз алқапқа себілген жасымық гектарына 12,7 цен. өнім беруде, айта кетері осы дақылға сұраныс та бар екен. «Джон Дир» секілді заманауи алымды техниканы үш ауысым­да пайдаланудамыз, бұл еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Мерзімдік жүктемесі 3200 га болатын техниканы тиімді пайдалану, күнбағыс пен зығырды уақытында жинап алуға септігін тигізері анық дейді шаруашылық басшысы. Осы комбайнда істейтін комбайншылардың еңбек ақысы да жоғары. Заман талабына сай біртіндеп нолдік технологияға ау­ысудамыз дейді Б.Бәкішев.

Ертіс ауылында аймақ бас­шысы жуырда ғана ашылған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің амалдар залымен танысып, мамандардың жұмыс жүктемелері туралы пікір алмасып, еңбек ақылары туралы сұрады.

Ертіс ауданының даму жо­спары туралы аудан әкімі С. Батырғожинов әңгімелеп берді. Осыны мұқият тыңдаған об­лыс әкімі Б.Бақауов аудан әкімі көтеріп отырған бастамаға қолдау білдіретінін және оның бүгінгі күн талабына сай қажетті басымдыққа ие болуы қажет екенін айтып өтті.