Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Жаңа орын ашылды

Жаңа орын ашылды

11 Қыркүйек 2017 ж. 108

Ертіс ауданының орталығында облыс бойынша алғашқылардың бірі болып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрғындарын жұмыспен қамту орталығы ашылды.

Елбасының тікілей тапсырмасы­мен жұмыс істейтін, ішкі сыртқы көші қон мәселесі мен өзекті жағдайларын шешіп, жағдайды жақсартып, тиімділігін арттыруға мүлтіксіз қызмет көрсететін орынның қызметкерлері де карапайым, сауатты, мәдениетті болуы қажет екенін айта келе ау­дан әкімі Серік Батырғожинов осы істі уакытында дұрыс қолға алып, дұрыс пайдалануға белсенділік танытқан бюджет қаражатын тиімді жұмсап, халықтың қызметіне жаратуға атсалысқан бөлім басшысы, орталық директорына, азаматтарға ризашылығын білдірді.

Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің басшы­сы Ерген Абдраев тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі 80 пай­ыз орындалғанын, алда да сапа­лы қызмет көрсетілетінін алға тар­тып, орталықтың ашылуына қолдау көрсеткен аудан басшына, кұрылыс жұмысын орындаған «Азия спец строй» ЖШС алғыс білдірді.

Орталық директоры Дамир Бей­сембинов жасалып жатқан жақсы мүмкіндіктерге қуанышын білдіріп орталық негізінен үш бағытта жүмыс жасап жатқанын, 5996 адам жұмыспен қамтамасыз етілгенін айтып өтті. Жаңа орында жақсы серпін мен са­палы қызмет жасалатынына сенім білдірді.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқандар орталықтың амалдар за­лында болып кең, жарық, келушіліріне барынша жағдай тудырылған бөлмелердің сән-салтанатын көрді.

Аудан әкімі Серік Барлыбайұлы баскаларға үлгі болар, осындай жақсы іс бастамашылары болып жат­са, бәріне қолдау-көмек көрсетіледі. Аз да емес, көп те емес қаржыны тиімді жұмсап, ел игілігіне асыруда әр-қашанда дайынбыз деді.