Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Мен мектепке бардым

Мен мектепке бардым

04 Қыркүйек 2017 ж. 71

Биылғы жылдың ерекшелігінің бірі 2-қыркүйек Білім күні болуы. Мұсұлмандардың ұлық мерекесі Қурбан айтқа сәйкес келуіде тегін емес шығар. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 41 бүлдіршіннің қадамы құтты болғай.

Білім күніне арналған №2 қазақ мектебінің салтанатты мерекесіне ау­дан әкімінің орынбасары Ж.Сағынаев, білім бөлімі басшысының орынбасары М.Багиенова қатысты.

Алаңға мемлекетіміздің көк туы шығарылып, ән ұраны орындалды.

Мектеп директоры Айнұр Сәрсенова сөз алып, жиналғандарды білім күнімен құттықтап әріптесері мен шәкіртерге жарқында, шуақты айту­лы мереке ұдайы іздемпаздық үлкен үміттердің ақталар күніне жеткізсін де­ген шын ықыласын білдірді.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Көшербаева биылғы жылғы оқу жылында мек­теп бағдарламасына енгізілген өзгерістермен қосымшалар туралы мәлімет берді.

Құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Жаңбырбай Сағынаев жалғастырып, білімді ұстаз шәкірт байлығы білімді, білікті болыңдар де­ген тілегін арнап, 1-сынып оқушыларына ақ жол тіледі. Ағымдағы жылдың мамыр айында бастау алған «Мектепке тағзым» науқаны аяқталғаны хабарланып, белсенділік танытқан мектептің бұрынғы шәкірттері бүгінгі кызметкерлерінің аты аталды.

Бүлдіршіндер мектепке деген құштарлықтарымен қуаныштарын өлеңдер арқылы жеткізіп ән шырқады. 11 сынып оқушысы Айда­на Ақтас ізбасарларына ақ жол тілеп, сыныптастарымен бірге 1 сы­нып оқушыларына ескертіш сыйлық табыс етті. Алғашкы қоңырауды бүлдіршін Сәбина Сыматаева және 11 сынып оқушысы Ернар Таласов сығыңрлатып мектеп оқушылары сыныптарға тарады.

1 сыныпка келге 41 оқушысын бастауыш сынып мұғалімдері Мәдина Қалиақпарова және Айбек Балжанов қарсы алып «Мен елімнің патрио­ты» атты сынып сағатын өткізді..

Аудан әкімінің орынбасары Жаңбырбай Бәкиұлы Елбасының 1 сынып оқушыларына арналған сыйлық кітабын табыс етті.

Бүлдіршіндердің ата-аналары атынан Арлан Айғазиновтың әжесі Баяу апай жақсы тілегін айтты