Бүгін: 21 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Дүбірлеткен думанды той

Дүбірлеткен думанды той

31 Тамыз 2017 ж. 118

SAM_6095 - копия

29-30 тамыз күндері Ағашорын ауылы аймағында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында «Аудан күні» өткізілді.

29 тамыз күні кешкі сағат 1800 ХХХV аудандық спартакиаданың ашылу салтанаты бастау алды. Аудан әкімі Серік Батырғожинов мерекеге жиналған тұрғындар, ауыл еңбеккерлері, еңбек, спорт ардагерлері алдында аталмыш шараның өткізілудегі тәрбиелік тағлымына тоқтап, туған жер­ге деген құрметті жаңғыртып, патриоттық сезімде тәрбиеленудің маңызы мен мәінін айта келе, аталмыш мерекемен құттықтап, аудан спортшыларына жемісті жеңіс тіледі.

Аудандың спартакиаданың жалауын көтергендер ертістік спорт шебері Серік Секербаев және Северный аулының спорт шеберлігіне үміткер Асхат Маки­шев.

Аудан спортшылары атынан ант берген қоскөлдік Даниса Қажахатова және ертістік Ержан Жұматбаев.

Мерекенің бастауы облыстық И.Байзаков атындағы филар­мония әншілерінің концертімен жалғасып, жастарға арналған би кешін ұйымдастырған жастар бастамасы орталығы директо­ры Қымбат Талпекбаеваның жетекшілігімен тамаша от шашуы­мен аяқталды.

Келесі күні таңертеңгі тоғызда дала күніне арнайы келгендер алдында ірі шаруашылықтардың шетелдік техникаларының тұсау кесері өтті. «Талапкер» ШҚ және Ағашорын ауылының ірі шаруалшылқтар бастаған көпшілігі «Замандас» және «Нива» ШҚ, «Да­нат», «Еңбек» ШҚ техникалары әр техниканың сапалық деңгейі күші атқаратын жұмыстарын көрсете отырып түсіндіріп шықты.

Тәуелсіздігіміздің қол жеткізген жетістіктерінің бір ұшын елді ме­кендерден көрудің өзі бір ғанибет. Бейбіт елдің теңдессіз Ата Заңы саясында бірлік пен ынтымақта атқарылған адал еңбектің белсенділігі, келешекке деген сенімнен туындаған жетістікті бірі білсе, бірі белмес.

Бұрын теледидардан ғана көретін алып техникалардың мүмкіндігі мен мен ерекшелігін шағын ауылдарда өзіміз қолданып жатқанымыз зор мақтаныш емес пе?!

Іле «Замандас» ШК егін алқабындағы астық жинаудың куәсі болдық. Бұл жерде де шетелдік техниканы ұршыктай үйірген механизаторлар техниканың өте қолайлы, бәрін өзі атқаратынын тек бақылаушы бағыттаушы ғана ретінде таза жерде өте тиімді жұмыс атқарып қатты шаршамайтындарын айта­ды.

Бұл шаруашылық соңғы жылдары ғылыми институттың ғалымдарымен тығыз жұмыс істеп, бүгінде жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Бұрындары гек­тарына 3-4, 5-6 тонна ғана өнім алса, бүгінде ең төмегі 15-25 тоннаға дейін, әйтпесе одан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болатынын айтады.

Осы шараға әдейі келіп катысқан облыс әкімінің ауылшаруашылығы жөніндегі орынбасары Бауыржан Қасенов те шаруашылықтың оң бағытын құптап, ғалымдармен тығыз жұмыс істегенде ғана табысқа қол жететінін және әр жердің өз ерекшелігі барында есте сақтау керектігін ескертті, Майкоңыр ауылына қарасты егіс алқабы мен Ағашорын, немесе Ұзынсу ауылы егін алқаптары бәрі бірдей деуге болмайды. Әрқайсына жеке келіп, өз ерекшеліктерін зерттеп, соған қарай әрекет еткенде сапа­лы, мол өнімге қол жетеді, деді.

Көп тер төгіп ізденісті қажет ететін әрекет. Десе де ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді дегендей, әр ауыл өз намысын толық қорғап шықты деуге болады, Үйдің ұлттық үлгіде безендірілуі қонақжайлылығымен, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеуде көрсеткен көріністері, үлгі өнегелері қуанарлық. Жүйріктен жүйірік озар жарысқанда деп тегін айтылмаған ғой. Қарақұдық ауылы ерекше көз тартып, бірден баурап алардай безендірілген, ішендегі өте көне әбзелдер; көрік, түйемұрындық сияқты заттар бүгінде ұмытылып қалған, тіпті көпшілігі көрмек тұр ғой білмейтін қазақтың құралдарын тауып ұсынуы іздемпаздығы.

Ал И.Байзаков ауылының тіккен үйіндегі аз ғана әбзелдердің тарихы мен тағылымын түсіндіріп, көркем жеткізген мәдениет қызметкері Рысты Әлібекқызы сондай-ақ «Келін шайы» ұлттық дәстүрміздің ұрпаққа берер тәлімі- тәрбиесі, әдептілік пен әдеміліктің үйлесімді тәртібін жеткізе білген шеберлігімен дәстүрімізді жаңғыртты.

Панфилов, Қоскөл, Қосағаш, Сілеті ауылдарының бірлігі мен ынтымағы, қонақ күту дәстүрі, ел үлкендерімен бірге жүріп, қамкор,жанашыр жан күйер бо­луы атап айтсак, еңбек ерлері Е.Әшенов, Б.Кабиевтердің қатардан табылуы үлкенге деген құрмет.

Тоқта ауылынан өнермен мәдениетімізге зор үлесін қосып жүрген Ғ.Есенбаеваның жастарға көрсеткен үлгі- өнегелері, қамкорлығы мен тәрбиесі таптырмас байлық бақытымыз десе болар.

Қазақта ат шаптырып, бәйгеге ат қоспаған той болған емес. Бұл күні де мерекеде ат дүбірін жарастырған бәйге алаңында сәйгүліктер жарысы, бәйге ұйымдарстырылды.

Ат Жарыс

Ат жарысының шымылдығы қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» дәстүрімен ашылды. Бәйгеге жол беріліп, 5 шақырымдық «Тай жарыста» 1 орында көршілес Успенка ауданының шабарма­ны Жанат Сарбасов, 2 орында ағашорындық Жанайдар Сейтах­метов және 3 орында аманкелділік Мәди Бапыш келді.

10 шақырымдық жары­ста «Құнан бәйге» Диас Төлеу ақтоғайлық, 2 орын тағы да Успенкалық Жанат Сарбасов, үшінші келген Екібастұз ауданы Ақкөл ауылынан Алпыс Нұрғалиев.

«Тоқ» бәйге 13 шақырымдық жарыста Бауыржан Әмірханов өз жерлісіміз Қызылқақ ауылынан, екінші Бүркіт Әмірханов ағашорындық, үшінші амангелділік Сы­рым Бапыш келді. Ең ұзақ 21 шақырымдық жарыс Аламан бәйгеде ақтоғайлық Асқар Мұхтар қатысты. Талай жарыста жеңімпаз атанып жүрген Қанкүрең осы жолы да алдына ат салмады.

2 орын Бұланбайдан Рамазан Махамбетов, 3 орын Май ауда­нынан Мәулетбек Темірболатқа бұйырды.

Көршілес аудандардың да ба­сын қосқан біздің ауданның ду­манды мерекесі өз дәрежесінде өтті. Атбегі азаматтар бәйгеге ат жаратудың қыр – сырын меңгеріп, алдағы жарыстарда жетістікке жетуде жоғарыдан көрінеріне сенеміз.