Бүгін: 16 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Алдыңғы буын өнері асқақтасын

Алдыңғы буын өнері асқақтасын

23 Тамыз 2017 ж. 147

«Еліңде қарияң болса, жазулы тұрған хатпен тең» - деген екен атам қазақ. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін алдыңғы буын ағалар жастармен өз өмір тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңес беруі ұрпақ сабақтастығының тамаша тағлымы.

Осы мақсатта осыдан 30 жыл бұрын Республика көлемінде, 35 жыл бұрын аудан және облыс көлемінде ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жақсы бастамасымен ұйымдастырылған болатын.

Тағлымды тәрбие әрқашанда өзектілігін жойған емес. Сол кез­дерден бері талай тамаша шаралар өткізіліп, бабалардан балаларға небір ғажайып үлгі-өнеге, озық бастамашылдықтар жалғасын та­буда.

Қазыналы қарияларымыз өздерінің бос уақыттарында бір- бірімен кездесіп, әңгімелесіп, ән- жырға ерік беріп, көңіл көтеріп, қоғамға пайдасын тигізіп, елдің- өркендеп өсуіне белсендік таныту­дан тартылған емес.

Жоғарыда айтып кеткендей, ардагерлер қозғалысының мерейлі жылына орай, ауылдық жерлердегі ардагерлерден бастау алып, аудандық деңгейде ардагерлеріміздің «Қазыналы қариялар сөйлейді» атты өнерін өрге жүздірер қол өнер, ән- жырдан сайыстар өткізілді.

Елді-мекендердегі ардагерлер өнері бағаланып, озықтары аудан орталығына шақырылып, аудан орталығындағы «Ардагерлер» және «Ақ әжелер» өнер топтары ардагерлер ішінде жеке орындаушылар арасын­да өткен сайыстың аудандық деңгейдегі қорытынды концерті И.Байзақов ауылының мәдениет үйінде өтті.

Атаулы үлкен шараға аудан әкімі С.Батырғожинов және әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Ж.Сағынаев қатысып, облыстық ардагерлер кеңесінен келген әділ қазылар алқасы болды.

Аудан әкімі С.Батырғожинов ай­тулы мереке, ардагерлер өнерінің қорытынды жиынына орай өткізіліп жатқан мерекелік шарамен құттықтап, ауданда ар­дагерлер үшін атқарылып жатқан бірқатар келелі шақтарды атап өтті.

Және аудан өміріне бей-жай қарамайтын, өздерінің ағалық ақылымен, бағыт-бағдарымен қолдау көрсетіп, ел игілігіне тілекші қарияларымызға ризашылығын білдіріп, алғысын жолдады.

Панфилов, Қоскөл, Қарақұдық, Тоқта, Ленин, Северный, И.Байзақов, Ертіс ауылының өнерпаз ардагерлері ән шырқап, би билесе, аталмыш ауылдардың қол өнер шеберлерінің өз он саусағынан туындаған тамаша туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған әр зат асқан ыждаһаттық пен жауапкершіліктен туындап, көркем жасалғаны сондай көздің жауын алатын, бірінен бірі асқан өнер туындылары.

Облыстан келген әділ қазылар алқасы мүшелері ауданымыздың сан-салалы өнерден маржан түйген ардагерлерімізге ризашылығын білдіріп, ақыл кеңестерін айтып, өмір ағысынан қалмай үнемі жаңғырып, жаңарып, жастарға ұлттық салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың маржандарын ілу- біздің парызымыз.

Елбасының ұрпақ сабақтастығы мен дәстүрлердің озығын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау біздің міндетіміз, деді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің «Атамұра» клубының директоры Б.Нұрғазинов келген қонақтарға, біздің ардагерлерімізге осындай мүмкіндік берілгенінен тамаша сайыстың тәрбиелік мәні зор екеніне тоқталып, алқа мүшелеріне алғысын жеткізді.

Сондай-ақ біздің ардагерлерге де алғыс білдіріп, әлі де алар асулары көп екенін айтып өтті.

Осы сайыста оза шапқан өнер туындалары мен әншілер орындаған әндердің озығы таңдалып, облыстық деңгейде өтетін Галла концертке қатысатыны айтылды. Ол алдағы күндер еншісінде.