Бүгін: 19 Тамыз Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

2019 жылдың 1 жартыжылдығына Ертіс ауданы бойынша "Асыл жүрек" және "Жақсылық жаса" акциясы

Басты Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту "Асыл жүрек" және "Жақсылық жаса" акциясы 2019 жылдың 1 жартыжылдығына Ертіс ауданы бойынша "Асыл жүрек" және "Жақсылық жаса" акциясы

2019-08-06

"Асыл жүрек" акциясы аясында біздің өңірімізге қайырымдылық көмек көрсетілді:

- Ертіс ауданының "Нұрал" шаруа қожалығының басшысы С. Т. Жансұлтанов 28 млн. теңге сомасына Ертіс ауылының кіре беріс жолдарын және алаңды асфальттауды жүргізді;

- «Абай» ЖШС басшысы (Н. А. Миллер) Голубовка ауылына аз қамтылған отбасыларға 3 миллион теңге көлемінде азық-түлік сатып алуға көмек көрсетті, мектеп жасына дейінгі балаларға мектепте ыстық тамақ ұйымдастырды, жалпы сомасы 1,7 миллион теңгеге спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған хоккей кортын салды. Ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларына, зейнеткерлерге,жалғыз тұратын зейнеткерлерге төмен бағамен әр отбасына жалпы сомасы 663,0 мың теңгеге 10 кг ет, жалпы сомасы 396,0 мың теңгеге қатты отын (1 тонна көмір және 1 текше отын) бөлінді. Жалпы сомасы 1329,0 мың теңгеге аула аумақтарын су басудың алдын алу мақсатында аулалар мен кірме жолдарды қар құрсауынан тазарту жүргізілді.

Оларға барлығы 5,3 млн. теңге көлемінде көмек бөлінді.

- Байзақов ауылдық округінде үй өртенген С.Дәлелханның жас отбасына М. Горький ЖОББМ ұжымы, ауылдық округ әкімдігі, ауылдық мәдениет үйінің депутаты Р. А. Айтимбетова және Ертіс депутаттары 291,0 мың теңге ақшалай көмек көрсетті.

- 30 тоннадан астам картоп "Ақтоғай Агро" ЖШС демеушілік көрсетті, ол аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, мүгедектер, Ертіс ауданының жалғыз басты зейнеткерлері арасында бөлінді. Сондай-ақ аудан орталығының мектептері бойынша мектеп жанындағы учаскелерде отырғызуға тегін отыз тоннадан астам картоп бөлінді.

Халықаралық әйелдер күні 8-Наурыз мерекесі қарсаңында әр елді мекенде салтанатты іс-шаралар өткізілді:

- Голубовка ауылы 7 наурыз күні ауыл әкімімен 70 және одан жоғары жастағы әйелдерге 50,0 мың теңге сомасында үйге сыйлықтар таратылды.;

- Ағашорын ауылына ауыл әкімі тыл еңбеккері әйелдерін және жалғыз тұратын зейнеткерге барып, 20,0 мың теңге сомасына азық-түлік жиынтығын табыс етті. Оңтүстік өңірден қоныс аударған адамға 4,0 мың теңге сомасына сыйлық берілді;

- Луговое ауылы аудан әкімінен 15,0 мың теңге сомасына 3 көп балалы аналарға сыйлықтар берілді. Алты тыл еңбеккеріне 30,0 мың теңге сомасына мерекелік жиынтық табыс етілді;

- Панфилов ауылы көп балалы аналар, қоныс аударушылар, еңбек ардагерлері үшін дастархан жайылып, 20 әйелге сыйлықтар табыс етілді.Тыл еңбеккеріне ауыл әкімі үйіне барып, естелік сыйлық табыс етті.

"Жақсылық жаса" акция шеңберінде біздің аймақ бойынша қайырымдылық көмек:

- Ертіс ауылының әкімі ТКШ - мен бірлесе отырып, Ауған соғысында қаза тапқан А. Евдокимованың отбасына 408,0 мың теңге көлемінде тұрғын үйді жекешелендіруге құжаттар пакетін рәсімдеді.

- Қызылжар ауылында ардагерлердің жесірлеріне бару ұйымдастырылды, қоршаудағы Ленинград тұрғынына естелік сыйлықтар табысталды;

Аудан әкімі Қызылжар ауылының тұрғыны О. Н. Матвееваға барып, 15000,0 т. сомаға естелік сыйлық табыс етті.

- Ертіс ауылында мерекелік концерт өткізіліп, аудан әкімі 1941-1945 жылдар аралығында алты және одан да көп ай жұмыс істеген 25 әйелге естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 

Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлім басшысы                                                     Е.Абдраев