Бүгін: 16 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Қамқорлық айлығының қортындысы

2018-10-25

file_1

Халықаралық қариялар мен мүгедектер күнін тойлау қарсаңында 15-қыркүйектен 15-қазанға дейін «Қамқорлық» айлығы өтті. Осы мақсатта жергілікті баспасөз беттерінде «Қамқорлық» акциясының маңыздылығы жөнінде хабарлама беріліп, меншіктің барлық түріндегі өнеркәсіп басшылары тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге, қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырылңған болатын. Сонымен қатар Халықаралық қариялар мен мүгедектер күнін тойлауға іс-жоспар жасалды.

Бәрінен бұрын ҰОС ардагерлері және ардагерлерге теңелген тыл еңбеккерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы, аз қамтылған отбасылар көмек көрсетілді. Акция барысында жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз тұрып жатқандармен тұрақты жұмыс жүргізілді. Қалыптасқан дәстүр бойынша өнеркәсіп, ұйымдар мен мекеме басшылары өздерінен шыққан зейнеткерлерді құттықтап, сыйлықтар немесе азық-түлікпен табыстады. Әлеуметтік көмек және қоғамдық қызметкерлері осы айлықта жақсы қызмет атқарды. Олар жалғыз басты 35 зейнеткерлердің, 101 тыл еңбеккерлерінің, 29 мүгедеетердің картобын қазып беріп, үй ауласын жинастырып, ағаштарын жарып, үйлерін ақтап беруге көмектесті.

Халықаралық қариялар және мүгедектер күнін тойлауға «Нұрал» ЖШС С.Жансұлтанов, жеке кәсіпкерлер Романцова, Әйтімбетова, Мальков, Уалиева, Абенова, ЖК «Құрмаш» барлығы 40 мың теңгенің демеушілік көмегін көрсетті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері «Бейбітшілік» ҚҚ ның мүгедек балаларына дастархан жайып, концерттік бағдарлама ұсынып, азық-түлік сөмкелерін сыйлады. Жалпы саны 70 бала осындай сыйға ие болды. Ертіс ауылының әкімдігі аудан аумағынан Ертіс ауылынан барлығы 150 адам шақырып, оларға Мәдениет үйінде  концерттік бағдарлама ұсынып, «Нарғыз» дәмханасында дастархан жайды. Ертіс ауылындағы ұйымдар мен мекемелер бұрын тарап кеткен мекемелер мен ұйымдардың 330 адамына дастархан жайды.

Осындай жұмыстар ауданның барлық елді мекендерінде өткізілді. Мәселен, Абай атындағы ЖШС директоры Н.Миллер 110 зейнеткерге арзан бағамен көмір, ағаш, шөп, құнарлы мал азығын босатты.

Майқоңыр ауылында мектеп оқушылары жалғыз басты жандардың ұй ауласын тазартып, ағаштарын жарып берді. Жалпы білім беру қорынан аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді.

Лубинской

Қамқорлық акциясын өткізуге Ағашорын ауылының кәсіпкерлері Е.Сейдахметов, 45 мың теңге, Е.Нұржанов 25 мың теңге демеушілік жасады. Бұлармен қатар Б.Бакішев, Б.Абдраисов, А.Сейдахметова, жеке кәсіркерлер әміренов, Бралинова, Фурманюк, Темірханова, Дәндібаевалар 265 адамға 1 млн 335 мың теңгенің демеушілігін жасады.

Амангелді ауылының кәсіпкерлері Ж.Қадыров, Янгулов С, жергілікті АТК нің басшысы Ж.Жүрсіновтер 35 адамға 110 мың теңгенің демеушілігін жасады.

Сілеті ауылдық округіндегі «Сағынбай» ШҚ басшысы С.Уабов мүгедек Г.Сейтхановаға 119 мың теңгеге көмір, отын, мал азығын әперіп кругте қариялар күнін тойлауға 150 мың теңге бөліп, З.Аманбаева, Ж.Жауароваларға дәрі-дәрмек әперді.

И.Байзақов ауылдық округінде мереке күні зейнеткерлер, мектеп ұжымының қатысуымен әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылып, спорт жарыстары ұйымдастырылды.

Қосағаш округінде «Дауыл» ЖШС, жеке кәсіпкерлер Байғазинова, Кәрібаев, Аружан, ШҚ Мамонов, АТК Жігер аз қамтылған отбасыларға азық түлікпен көмек көрсетті.

Северный ауылдық округінде мереке құрметіне оқушылар, шағын орталық бүлдіршіндері концерттік бағдарлама дайындап, осындағы ШҚ басшылары зейнеткерлерге 573 мың теңгенің мал азығын бөлді. ЖК Коновальчук аз қамтылған отбасыларына 50 мың теңгенің азық-түлігін әкеліп берді.

Аудандық 451007 бағдарламасы бойынша аз қамтылған, 4 баладан көп балалары бар отбасыларға, өмірде тосын жағдайға тап болғандарға, зейнетақысы аз адамдарға жалпы саны 332 жанұяларға 4799,4 мың берілді.

Айлық барысында аудан бойынша жалпы саны 3659 адамға 14562,0 мың теңгеге ақшалай, заттай көмек көрсетілді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы Е.Абдраев.