Бүгін: 16 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Парыз – жетістіктің 10 жылдығы»

2017-06-26

 

Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) және «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже» (бұдан әрі - Ереже) бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 309 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

      Конкурсты өткізудің мақсаттары:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

      2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

    Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.

       Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.

         Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

      1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

      2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

     3) "Үздік ұжымдық шарт"

      4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

Конкурсқа қатысуға:

-қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

-таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

-еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

-қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

-Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

-конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Жыл сайынғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс 2017 жылы оныншы, мерейтойлық рет өткізіледі. Сондықтан, оның ерекше мәртебесі ескеріле отыра, «Парыз – жетістіктің 10 жылдығы» аясында өтетін болады. Ертіс ауданының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді, ірі кәсіпкерлік субъектілерді артта қалмай патриоттық танытып, конкурсқа қатысуға шақырамыз.

«Парыз» конкурсына қатысу үшін Ертіс ауылы Бөгенбай көшесі 97 ғимаратында орналасқан «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келуге немесе 8 (71823) 2-13-80 телефоны арқылы хабарласуға болады.