Бүгін: 18 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жаңа бағдарлама!

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы Ел басы  Н .А. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес  Нақты ұлт Көшбасшысы баяндады бағдарламаның жаңа жолдауында «Үшінші жаңғырту –Қазақстанның Жиһандық бәсекеге қабілеттілігі»

 2011 жылдан бастап   «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»

 

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік білімін және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1)       Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2)       Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екі деңгейлі модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі.

  Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11 сыныптарды бітірушілер оқу орындарына түскен, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматардың өзге санаттары  ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Өзге санаттағы адамдарға:

  1. Көп балалы отбасылардан шыққан  балалар;
  2. атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар,сондай –ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басынашыққандағы орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
  3. Жалпы және санаторилік үлгідегі мектеп интернаттарда

Мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

  1. Дарынды балаларға арналған мамандырылған интернатының білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
  2. Интернаттық ұжымдарда, жетім балалар, ата- анасынан қамқорлықсыз қалған балалар ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамсыз етіледі. Оқуға 29 жасқа дейінгі жастар қатысады.

 

Екінші бағыт:

     Екінші бағыт  адамға айналуға бір қадам жақын, нақты іс мындасыз қарастырылған "Бизнес Бастау кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ; кәсіпкерлік бастамаларын қолдау; кепілдік беру, шағын қалалар мен ауылдарда беріледі.

 «Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын және стипендия төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі. Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:1) тестілеу;2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация беру;3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;4) 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.Оқу процесінің жалпы ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен аспайды.Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды. Оқу қорытындысы бойынша «Бастау Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат (сабақтарға жүйелі түрде бармаған кезде) және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.  Жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.Бағдарламаға қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады.

Микрокредиттер:

1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;

2) қалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

Микробизнесті ашу үшін микрокредиттер «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.Микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады. Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi.

Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:

1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін немесе 18 миллионға дейін; 3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды; Жаңа құрал-бастамаларды қолдау - мемлекеттің кепілдік беруі микрокредитті.

Кепілдіктердің мөлшері:1) ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін микрокредиттің сомасынан 85 %-дан аспайды;2) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін микрокредит сомасынан 50 %-дан аспайды.

Бағдарламаның үшінші бағытын, атап айтқанда: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту, мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді: 1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру; 3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Бұл бағыт негізі  атаулы қолдау көрсетуді күшейту, жұмысқа орналасуға азаматтардың жекелеген санаттарының еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және инфрақұрылымды дамыту, еңбек нарығы. Біртұтас ақпараттық база құрылатын болады, еңбек нарығы, немесе еңбек биржасы, жұмыс іздеуге жәрдемдесу және қызметкерлерді іріктеу. Жұмысқа орналастыру бойынша қызметін көрсету кеңейтілетін болады.

 

 Үшінші бағыт жұмыс берушілерге қолайлы мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі: әсіресе  үлкен сұранысқа ие :Жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар.

«Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жаңа бағдарламаға  қатысуға   шақырады. Бұл үшін жай ғана тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе ауылдық округ әкімшілігінен, кәсіпкерлердің өңірлік палатасынан толық кеңес алуға болады. Біз сіздердің бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз.   Мекен жайымыз:  Ертіс ауылы Бөгембай к-сі 97, тел: : 2-28-80, 2-28-77.


Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры                                                  Бейсембинов Д.Ж.