Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жастар тәжірибесі түлектер үшін мүмкіндік.

89605 Ағымдағы жылдан бастап  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы туралы жазылды" дәлірек айтқанда, оның  бағыттарының бірі "Жастар тәжірибесі".

Бәрімізге мәлім еңбек нарығында еңбек өтілі және жеке қасиеттері  бағаланады.  

Осы бағдарлама қатысушысының азаматтарының  бірі Дәулет Болатұлы Калымов  1994 жылы 21 наурызында дүниеге келген. 2016 жылы оқуын аяқтап дипломын алғаннан кейін, жұмыспен қамту орталығына есепке тұрды және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша  филиалы- « Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ертіс аудандық бөліміне жіберілді. Дәулетке өзінің сапалы маман ретінде жеке қасиеттерін көрсету үшін бұл тамаша мүмкіндік,  Дәулет өзінің жұмысын тамаша орындап жастар тәжірибесін сәтті аяқтады. Қазіргі кезде Дәулет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша  филиалы- « Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ертіс аудандық бөлімінің  маманы болып жұмыс істейді, халықтың игілігі үшін еңбек етуде, және өзінің ризашылығын білдіреді.

   Жастар тәжірибесі дегеніміз не ?  Жастар тәжірибесі білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.Жастар тәжірибесі  меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.Жастар тәжірибесі  барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.Жастар тәжірибесі тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.  Жастар тәжірибесі  бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.Жастар тәжірибесі  бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар тәжірибесінің  ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган: 

1) жастар тәжірибесі  ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) жастар тәжірибесін ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.

Ұйымдардың тізбесі жыл бойы қажетіне қарай жаңартылып отырады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар тәжірибесін қаржыландыруға жұмыс берушімен шарт жасасады.Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жастар тәжірибесін  өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді. Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға жастар тәжірибесін өту мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда жастар тәжірибесіне жолдама береді. 

Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.Жұмыс беруші мен жастар тәжірибесіне қатысатын жұмыссыз арасында еңбек шарты жасалады.

Жастар тәжірибесіне жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады. Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жастар тәжірибесіне жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

Жұмыс беруші жастар тәжірибесіне қатысушыға кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді.  Жұмыс берушілер жастар тәжірибесін ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда жастар тәжірибесіне қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің бюджетке өтеуімен олармен жасалған тиісті шарт бұзылуға тиіс.

Жастар тәжірибесін қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады. Түлектер қатарындағы жастар тәжірибесіне қатысушыларға жалақыны қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай ішінде жүзеге асырылады.  Республикалық немесе жергілікті бюджеттен айына субсидиялау, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды. Біз сіздердің бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз.   Мекен жайымыз:  Ертіс ауылы Бөгембай к-сі 97, тел: : 2-28-80, 2-28-77.