Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру бойынша ауқымды жалпы республикалық акция

DSCN0338 Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында және оның атынан облыста (бекітілген «Ұлы Дала Елі – 25 основ Независимости» 25 жұлдызды күн жоспарына сәйкес) ағымдағы жылғы қараша-желтоқсан аралығында қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру бойынша ауқымды жалпы республикалық акция өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу қарсаңында тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын санаттарын қолдап, көмек көрсету.

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерейтойына орай ауданымыздың барлық ауыл және ауылдық округтерінде концерттік бағдарламамен қоса салтанатты іс-шаралар өткізілді, Тәуелсіздік Күнінің құрдастарымен, зейнеткерлермен, мүгедек жандармен, көпбалалы отбасылармен дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырылды.

 Әрбір көп жасаған, жалғызілікті және жалғыз тұратын қарт адам, мүгедек жан, «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы ана, тыл еңбеккері, жұмыспен қамту органдарында тіркелген аз қамтылған отбасы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшенің қызметін алушы мүгедек балалары бар отбасы мемлекет тарапынан қамқорлыққа бөленді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында ауданда жоғарыда аталып кеткен әрбір азаматқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық логотипімен азық-түлік жиынты табыс етілді. Бұл күндері тұрмыстың өзекті мәселелері айрықша назарға алынып, қардан тазарту, тұрғын үйді кішігірім жөндеу және тағы басқадай жұмыстары жүргізілді.      

Ауданда 1282 адам 3741,5 мың теңге сомаға қайырымдылық іс-шаралармен қамтылды.

 Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту Мемлекет басшысының әлеуметтік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Осындай қайырымдылыққа белсене қатысу, ол саясатымызды қолдай отыра, кез келген көмекке мұқтаж тұрғынға деген қамқорлықтың белгісі.

Ауданымызда қайырымдылық іс-шараны ұйымдастыруға демеу болған төменде көрсетілген демеушілер мен меценаттарға ризашылығымызды білдіреміз: Атимов О.И., Жансұлтанов С.Т., Миллер Н.А.,  «Омаров Ж.М.» ЖК, «Кравченко» ЖК, «Ертіс ТШ» ЖШС, «Актанов К.Б.» ЖК, «Битас-Орда»ШҚ, «Айша» ЖК, «Дауыл»ЖШС  Шенгиспаев А.М., «Үміт» АТК, «Коновальчук» ЖК, «Шакирова» ЖК, «Шрейдер Р.Г» ЖК, «Рахимбердинова Р.» ЖК, «Марденов Т.К.» ЖК.

 

 

Бас маман Қ.М. Рыщанова

Сондай-ақ оқыңыз