Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға арналған психологиялық көмек және кеңес көрсетуге онлайн-қолдау қызметін ұйымдастыру туралы

Басты Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту Мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға арналған психологиялық көмек және кеңес көрсетуге онлайн-қолдау қызметін ұйымдастыру туралы Мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға арналған психологиялық көмек және кеңес көрсетуге онлайн-қолдау қызметін ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының – «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» дирекциясының және «Қазақстан-Ресей медицина университеті» (ҚРМУ) қолдауымен 2015 жылдың маусым айынан мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға арналған психологиялық көмек және кеңес көрсетуге онлайн-қолдау бойынша жоба іске асырылуда.

Қызмет жұмысы «Әлеуметтік жаңғырту басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» бірлескен жобасы шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) есебінен қаржыландырылады.

Мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасыларға кеңес беру көмегін көрсету және мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдарға психологиялық қолдауды көрсету отбасы ішінде жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуалды, психологиялық денсаулықты қалыптастыруға жағдай құру онлайн қолдау қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.

Жылдың басынан (2016 жылғы қаңтар-қазан) 475 отбасыға кеңес беру қызметі көрсетілді, олардың:

176 өтініш білдірген ата-аналар психологиялық көмек алуға мұқтаж болды.

144 ата-аналар медициналық көмек мәселелері бойынша өтініш білдірді,

91 әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша ақпарат алуға өтініш білдірді,

52 ата-аналар педагогикалық қызмет бойынша кеңес алуға өтініш білдірді,

55 адам өзге сұрақтар бойынша өтініш білдірді.

Ең белсенді қоңыраулар 8 өңірден келіп түсуде, олардың 79,2% Алматы облысы, 7,1% Атырау облысыны, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облысына 4,3 %, 2,4% Батыс Қазақстан облысына, 1,7% Қарағанды облысына, 0,6% Ақмола облысына, 0,4% Жамбыл облысына келеді.

Қызметтің кеңес беруді іске асыру бойынша толық ақпаратты тұрғылықты мекенжай бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және ҚРМУ – i-krmu@mail.ru электрондық мекенжайына, 1411 қысқа нөміріне өтініш білдіру арқылы алуға болатынын еске саламыз