Бүгін: 18 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Өрлеу» жобасы: шешім қабылдау уақыты келгендігін білдіреді

«Өрлеу» жобасы: шешім қабылдау уақыты келгендігін білдіреді

 Сіздің отбасыңыз өмірлік қиын жағдайда ма?

 Табысыңыз тұрақты емес, әрі төмен бе?

  Еңбек нарығында орныңызды таба алмай жүрсіз бе?

  Бұл жағдайдан шығу үшін аянбай әрекет етуге дайынсыз ба?

 

«Өрлеу» -  мемлекеттік шартты ақшалай көмектің  жаңа жобасы Сізді күтуде.

 

Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытындағы мемлекеттік шартты ақшалай көмек (ШАК)– отбасыға бағдарлама шарттарын орындау жауапкершілігі жүктелетін, әлеуметтік көмектің белсенді нысандарын қарастыратын пилоттық жоба.

 

Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өтіп жүрген және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.

 

«Өрлеу» жобасы ай сайынғы төлемдер түріндегі ШАК ұсынумен қатар бірнеше мүмкіндіктерге жол ашады:

жұмысқа орналасуға;

мамандық алуға, басқа кәсіп немесе мамандық бойынша қайта оқуға;

қажет болған жағдайда отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамту.

«Өрлеу» жобасына қатысуға еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің  жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысқан жағдайында ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан орта табыстары бір отбасы мүшесіне айына 60 %-дан төмен отбасылардың (азаматтардың) құқығы бар.

Маңызды! «Өрлеу» жобасы бойынша отбасыға

ұсынылатын көмек шартты болып табылады. Ол дегеніміз отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт жағдайларын орындаған кезде ғана отбасы ақшалай жәрдемақыны ала алатынын білдіреді. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жобаға қатысатын отбасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында  жасасылады. Келісімшарт бойынша отбасы мүшелері әлеуметтік белсенділікке қол жеткізу міндетті. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартты орындау жағдайы үнемі бақылауда болады.

 

 Жобаға қатысу үшін:

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе ауылдық округ әкіміне (егер Сіз елді мекенде тұрсаңыз) барып, қатысу жағдайлары туралы консультация алу керек. Егер Сіз «Өрлеу» жобасына қатысу келісіміңізді берсеңіз, Сізбен әңгімелесу жүргізіледі.

Әңгімелесу жүргізілген кезде:

үміткердің ШАК алуға құқығы;

жеке қажеттіліктері ескеріле, отбасы

мүшелеріне ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;

 отбасының белсенділігін арттырудың

әлеуметтік келісімшартына отбасының әрбір еңбекке

қабілетті мүшесі үшін еңбек нарығында қандай бейімдеу шаралары енгізілетіні белгіленетін болады.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

жеке басты куәландыратын құжат;

отбасы құрамы туралы мағлұмат;

табыстар туралы мағлұмат;

тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін

растайтын құжатты немесе мекенжайлық анықтаманы;

 жеке қосалқы шаруашылығы туралы мағлұмат (қажет болған жағдайда);

 отбасы мүшелеріне қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда).

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

 

бағдарламалар бөліміне жүгінген кезде Сіз  «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен отбасылық және материалдық жағдайыңыз туралы сауалнаманы толтырасыз.

 Учаскелік комиссия отбасының материалдық

тұрмыстық жағдайын тексеру актісін дайындайды. Алынған ақпарат негізінде «Өрлеу» жобасына қатысу құқығы туралы шешім қабылданып, ШАҚ мөлшері белгіленетін болады.

 Ай сайынғы ШАК төлем мөлшері уәкілетті

органмен отбасының жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % арасындағы айырма түрінде есептеледі.   

Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өтіп жүрген және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт шарттарын орындаған кезде отбасының мұқтаждықтан шығу мүмкіндігі ашылады, тұрақты табысқа қол жеткізіп, еңбек нарығында тұрақтану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

 Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған жағдайда, шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.  

Шартты ақшалай көмектің біржолғы төлем сомасы тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы

 

 шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.

Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады.

Әлеуметтік келісімшартты бұзу шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Бұл ретте әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайда, шартты ақшалай көмек мөлшері орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарды қоспағанда, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) он сегіз жастан асқан отбасы мүшелерінің барлығына бір ай бойына елу пайызға қысқартылады, міндеттемелердің орындалмағаны қайтадан анықталған жағдайда, кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындардан басқа, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) шартты ақшалай көмек төлеу тоқтатылады.