Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Қамқорлық» акциясы айлығы

IMG_6021-min 2016 жылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығы кезеңінде Ертіс ауданында жыл сайын «Қамқорлық» акциясы айлығы өткізіледі – ол әрқайсымыздың мұқтаж азаматтарды қолдауға және көмек көрсетуге өз үлесімізді қосып қатысу, мүгедек жандардың, егде жастағы адамдардың проблемаларына, олардың жеке және әлеуметтік мәселелеріне назар аудару мүмкіндігіміз.

Бүгінгі күні 2103 мұқтаж азаматқа 10543,9 мың теңге сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді, соның ішінде ЖШС, ЖК, ШҚ есебінен 4555,5 мың теңге сома, бюджет есебінен 4535,0 мың теңге, жеке жанашырлық жәрдем есебінен 1453,4 мың теңге. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте Қарттар күні мерекесі қарсаңында «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Ертіс ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері,  сондай-ақ Абай атындағы ЖШС демеушілік көмегімен Ертіс ауылында 200 адамға мерекелік дастархан жайылды, шақырылған қонақтарға Мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырды.IMG_5935-min

Мүгедектерге мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, сондай-ақ БҰҰ Бас ассамблеясының ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы N 1224 Жарлығына сәйкес қазан айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні ретінде бекітілді.

           Ертіс ауданында да бұл іс-шара назардан тыс қалмайды, аудан кәсіпкерлерінің демеушілік көмегімен, «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері мерекелік дастархан жайып, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен концерттік бағдарлама мен сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының көрмесін дайындап, естен кетпен іс-шара ұйымдастырды. Әрбір қатысушыға ынталандыру сыйлығы мен грамоталар табыс етілді. «Ертіс ауданының спорт бөлімі» ММ шахмат, дойбы ойындары бойынша спорттық жарыс ұйымдастырды, бұл жарыстарға қатысқан әрбір қатысушы грамотадан басқа ақшалай сыйлықтармен да марапатталды.

20160930_142812 Ауданымыздың мынадай кәсіпкерлері мүгедек жандар мен егде адамдарды ықыласқа бөлеп, назардан тыс қалдырмады:  Абай атындағы ЖШС,  Нұрал ЖШС, Кахалонг-Астық ЖШС, Кожанова ЖК,   Малышев ЖК, «Три К» ШҚ, Мукушева ЖК, Смаилова ЖК, Турдимуратова ЖК, Абдалинов ЖК, Толкын ШҚ,  Тушканов ЖК, Уразбаев ШҚ, Кенжетаева Назира ЖК,   Сизов ЖК,  Нефедов ЖК, Разиев ЖК,  Ибрагимов ЖК,  Василенко ЖК,  ТалапкерШҚ,  Капашев ЖК,  Уалиева А. ЖК,  Заштанченко ЖК, Кивашева З. ЖК,   Романцова ЖК,  Мальков ЖК,  Ауталипов ЖК,  Джангульдинов Т.ЖК,   Яскевич ЖК,  Абенова Ж. ЖК,  Балташев ЖК, Мусабаева ЖК, Жансултанова ЖК,  Усенова ЖК, Флид ЖШС,  Рыкунова ЖК,   Игнатенко ЖК,  Итекпаев С.ЖК,  Пермешов ЖК,   Задорожный ЖК.

Осы адамдардың қамқорлығы мен ықыласына аудан тұрғындарының атынан үлкен рахметімізді айтықымыз келеді.

 

Сектор меңгерушісі                                Б. Аралбаева