Бүгін: 21 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

2016 жылғы «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ туралы есебі

Басты Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік паспорты 2016 жылғы «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ туралы есебі

2017.01.04.

1. Жалпы ережелер

1)    Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 816 қаулысымен бекітілген толықтырулар мен өзгерістерімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 18 түрін көрсетеді.

2)    Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

        «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

2016 жылғы 12 айында 3816 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

Көрсетілетін қызметті берушілер қағаз түрінде көрсеткен (Мемкорпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) мемлекеттік қызмет саны -873

         қағаз түрінде қызмет берушілер көрсеткен (Мемкорпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда), бірақ «электрондық үкімет» және Мемкорпорацияның веб-порталы арқылы көрсетілуі  мүмкін еді, соның ішінде барлығы - 1171.

         Мемкорпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны- 24

электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны- 1748

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны-18.

3)    Барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Жергілікті өкілетті органдарының шешімдері бойынша мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қызметіне  айрықша талап етіледі

                  2. Көрсетілетін қызметі алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кең кол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеменің стендтерінде, көрінетін жерде стандарттар мен регламенттер орналастырылған. Сондай-ақ Ертіс ауданы әкімінің ресми сайтында «Халыққа қызмет» бөлігінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері орналастырылған.

 

Мемлекеттік қызметтің басшысы мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне бақылау жүргізеді,  жауапты маман белгіленген. Тоқсан сайын Ертіс ауданының әкімі аппаратының  мемлекеттік құқықтық бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы есеп ұсынылады.   

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

Орталық мемлекеттік органдардан стандарттар жобаларының түсуіне қарай жария талқылау үшін Ертіс ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етіледі.

3)       Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар,кездесулер, сұхбат және басқалар)

2016 жылғы 14 қаңтарда аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың аса маңызды шарты» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  2016 жылғы 21 мамырда аудандық «Иртыш» газетінде «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» мақаласын жариялады. 2016 жылғы 21 қыркүйекте «Ертіс ауданы әкімі аппараты» ММ барлық мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу жүргізілді.

2016 жылғы 15 желтоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін және стандарттарын түсіндіру бойынша дербес бөлімдермен бас мамандарымен семинар өткізілді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайлаңдыру және автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайлаңдыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі оңайлатылып, мерзімдер қысқартылуда.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

2017 жылы 4 маманды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарына жіберу жоспарлануда.  

         4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

         1) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметі алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

         2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметі алушылардың тарапынан шағымдар түскен жоқ.

         2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі бақылауы нәтижелері.

        Ертіс ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі көрсетілген кезең бойынша өткізген бақылау іс-шараларының саны 1 құрады, бекітілген бақылау іс-шараларының жылдық жоспарына сәйкес – 1, бақылау іс-шаралары объектілерінің саны – 1, өткізілген іс-шаралар қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Жалпы 3 ұсыным әзірленді, оның іщінде орындалғаны 3.

         Сонымен қоса, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы  көрсетілетін қызметі алушыларды хабардар ету бойынша әлсіз түсіндірме жұмыстар белгіленген, осыған байланысты электронды және басылымды БАҚ-та жария ету түрінде тиісті түсіндірме жұмысты өткізу ұсынылды.

         3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылаудың нәтижелері.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына, 2016 жылға арналған Ертіс ауданында Мемлекеттік қызметтер саласындағы  бақылау іс-шаралары жоспарына, Ертіс ауданының әкім аппараты басшысының м.а. 2016 жылғы 29 тамыздағы № 143 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау тағайындау туралы» бұйрығына сәйкес Ертіс ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі 2016 жылғы 1 қаңтар мен 2016 жылғы 31 тамыз аралығындағы кезеңі ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізді.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тимділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қаңағаттануын арттыру.

2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына көрсетілетін қызметі алушылардың қанағаттануын арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, нақтырақ айтқанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзуға жол бермеу, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету санын арттыру.

Электрондық түрде және мемкорпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұрғындарды хабардар ету бойынша жұмыс тұрақты бақылауда тұрады.