Бүгін: 29 Мамыр Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Құрметті облыстың кәсіпкерлері!

2020-01-15

Сіздерді апта сайын, әр сейсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Инвесторлар үйінің 1-қабатында (Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16)
«Бизнеске арналған ашық есіктер күні» өтетіні туралы хабардар етеміз.

Аталған алаң Павлодар облысы кәсіпкерлерінің проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылады.

Осы алаңда жеке кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдеріне проблемалық мәселелермен жүгіне алады: Павлодар облысы бойынша «Даму «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Павлодар облысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

Сондай-ақ, бизнес өкілдері «Бизнестің жол картасы - 2025»,
«Қарапайым заттар экономикасы», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады.

Сондай-ақ оқыңыз