Бүгін: 26 Мамыр Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Хабарлама

2019-08-07

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен  қолдаудың бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары» төртінші бағыты аясында «Бизнес-Кеңесші» (2 күн), «Бизнес-Өсу», «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту»  компонентері бойынша өтеусіз негізде оқытудың жалғасы туралы хабарлайды. Оқыту тренингтер іскерлік қызметтің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік қызметті бастауды жоспарлаған барлық азаматтар үшін өткізіледі.

 «Бизнес-Кеңесші» жобасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды қамтиды.

 Оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:

- кәсіпкерлікке кіріспе;

- кәсіпкерлік психологиясы;

 - бизнес-жоспарлау;

- маркетингтік қызмет;

- персоналды басқару;

- кәсіпкер үшін қаржы;

- кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері;

- бизнесті жүргізуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,

- электрондық сауда.

«Бизнес-Өсу» жобасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді оқытуды қарастырады және кәсіпкерлік қызметтерді жүргізуге және дамытуға арналған функционалдық бағыттарында кәсіпкерлерді оқытуды (біліктілігін арттыруды) қамтиды. Маркетинг, онлайн сату және жарнама саласындағы спикерлер шақыртылған.

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту» жобасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұзақ мерзімді оқытуды көздейді және кәсіпкерлік қызметтерді жүргізу мен дамытуға арналған функционалдық бағыттарында кәсіпкерлерді оқытуды, жобаларды сүйемелдеуді, жаңа нарық көздерін іздеу, табысты арттыруды қамтиды.

Өтініш беру үшін Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (КҚКО) келуге қажет (Павлодар қ., Ломов көшесі, 21 үй, 2 қабат). Ауыл тұрғындарына аудан орталықтарында және Экибастуз, Аксу қалаларындағы Палата филиалдары жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына келу қажет.

Сонымен бірге  «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқытуды онлайн режимде өту мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз. Ол үшін services.atameken.kz сілтемесі арқылы өтіп ATAMEKEN SERVICES – КӘСІПКЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ТЕРЕЗЕСІ сайтында тіркеліп, «Оқыту» бөлімінде тапсырыс беру қажет.

Толығырақ ақпарат: 8 (7182) 66 03 11 (внут. 5520),  http://pavlodar.atameken.kz/ru/

 

1-қосымша

 

         Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары» атты төртінші бағыты аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету туралы хабарлайды.

         Қызметтер www.services.atameken.kz мекенжайы бойынша онлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

  • Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;
  • Заңгерлік қызметтер көрсету;
  • Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер;
  • Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңестер;
  • Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу мәселелеріне байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы кеңес беру.

Қызметтер КҚКО-да офлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

  • Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Кәсіпкелердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу;
  • Заңгерлік қызметтер көрсету;
  • Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер.

         Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде көрсетіледі.

         Толығырақ ақпаратты 8 (7182) 66 03 11 (ішкі 5520) телефоны арқылы немесе Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат мекенжайы бойынша орналасқан КҚКО-да алуға болады.

 

2-қосымша

 

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты облыстың әрбір қаласында және аудан орталықтарында кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарының (КҚО) қызмет ететіні туралы хабарлайды.

КҚО-ның кеңесшілері мынадай кешенді қызметтер ұсынады:

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын көрсету;
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
  • кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;

      - қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.

Аудан орталықтарындағы және шағын қалалардағы КҚО мекенжайлары және байланыс телефондары:

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көш. 118, тел. 87184121944;

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Гагарин көш.62, тел. 87184091176;

Железин ауданы, Железин ауылы, Квиткова көш. 13, тел. 87183122425;

Иртышск ауданы, Иртышск ауылы, Гагарин көш. 85, тел. 87183221074;

Қашыр ауданы,, Теренкөл ауылы, Тәуелсіздік көш. 85, тел. 87183321671;

Лебяжі ауданы, Аққу ауылы,  Баймульдин көш. 13, тел. 87183879001;

Май ауданы, Көктобе ауылы, Қазыбек би көш.29, тел.87183921258;       

Павлодар ауданы, Павлодар қ, Ломов көш. 21, тел. 87182660311;

Успен ауданы, Успен ауылы, Семенченко көш. 29, тел. 87183492440;

Щарбакты ауданы, Шарбакты ауылы, Алимбаев көш. 65, тел. 87183621210;

Ақсу қ., К.Маркс көш. 1, тел. 87183733166;

Екібастұз қ., Строительная көш. 45, тел. 87187347661.

Сондай-ақ оқыңыз