Бүгін: 26 Мамыр Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

2018-05-21

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Ертіс ауданындағы филиалы жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Аталмыш орталық «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының төртінші, «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты бойынша келесідей қызмет түрлері көрсетіледі:

Қызмет № 1: «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер»;

Қызмет № 2: «Кедендік процедуралар бойынша есеп»;

Қызмет № 3: «Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу»;

Қызмет № 4: «Заңгерлік қызмет көрсету»;

Қызмет № 5: «Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер»;

Қызмет № 6: «Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар»;

Қызмет № 7: «Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алулар бойынша қызмет»;

Қызмет № 8: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы консультациялар ».

Тегін қызмет ала аласыз.

Өтінім беру, сервистік қызметтер мына мекенжай бойынша қабылданады: Ертіс а., Гагарин к-сі,85, тел.21074.

Сондай-ақ оқыңыз