Бүгін: 29 Мамыр Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» оқыту жобасының іске асырылатындығы хабарлайды

Басты Кәсіпкерлік Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының Ертіс ауданындағы филиалы Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» оқыту жобасының іске асырылатындығы хабарлайды

2017-07-21

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты аясында Павлодар облысының бес аудандарында «Бастау Бизнес» оқыту жобасы іске асырылады: Баянауыл, Ертіс, Қашыр, Павлодар,Шарбақты.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша бесінші ағымда оқуға үміткерлер үшін өтінімдерді қабылдау жүргізіледі. Жоба Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сонымен қатар олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудың қатысушылары халыққа жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуге қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтағаны/қатысқаны туралы сертификат алған қатысушылар бір жолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Оқу нәтижелері бойынша оқуды аяқтау туралы сертификат және «Бастау Бизнес» жобасына қатысқаны туралы сертификат беріледі. ӨКП филиалының мекен жайы: Ертіс а., Гагарин к-сі,85, тел.21074.

Сондай-ақ оқыңыз