Бүгін: 18 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Басты Ауыл шаруашылығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына мемлекет басшысымен қол қойылды. 2016 жылдың шілде айынан бастап күшіне енеді, яғни аталған мерзімнен бастап, астық қолхаттары тек қана электрондық түрде шығарылатын болады.

2016 жылғы 13 маусым  айында «Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Павлодар қаласының «Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ бөлімімен бірге Ертіс  ауданы әкімдігінің аппартында аталған Заңға түсініктеме беру және астық қолхаттарының ақпараттық жүйесін көрсету жөнінде мәжіліс өткізілді.

Заңның негізгі енгізген жаңалығы астық қолхаттарын құжатсыз (электрондық) нысанда шығаруға өту және астық қолхаттарын, оларды ұстаушыларды және астық қолхаттарымен жасалатын мәмілелерді/операцияларды есепке алуды автоматтандыру мақсатында астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу үшін арналған астық қолхаттарының ақпараттық жүйесін астық нарығының субъектілерімен жұмыста пайдалану болып табылады.

Заң 2016 жылғы 23 шілдеден бастап күшіне енеді. Осылайша көрсетілген күнінен бастап астық қолхаттары тек қана электрондық түрде шығарылуға міндетті болады, ал астық нарығының субъектілері астық қолхаттарының ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге міндетті болады.

Мәжіліске ауданның астық себетін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.