Бүгін: 18 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден жәрдем қаражат алуға ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің тізімдерін айқындауға аудандық ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Басты Ауыл шаруашылығы Аудандық ведомствоаралық комиссияны құру туралы Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден жәрдем қаражат алуға ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің тізімдерін айқындауға аудандық ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Өсімдік шаруашылығы өнімінің

өнімділігін және сапасын арттыруға

жергілікті бюджеттерден

жәрдем қаражат алуға

ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің

тізімдерін айқындауға

аудандық ведомствоаралық

комиссияны құру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» № 148 Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» № 66 Заңының 11 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 29 наурызындағы «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары» № 575 каулысын орындау мақсатында, аудан әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігін және  сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден жәрдем қаражат алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тізімдерін айқындауға аудандық ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі-ВАК) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

         2. ВАК жұмыс органы болып  «Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» комуналдық мемлекеттік мекемесі анықталсын.

         3. ВАК жұмыс органына аудандық «Ертіс нұры», «Иртыш» гәзеттерінде жәрдем қаражатты алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімдерінің және басқадай қажетті мәліметердің көрсетілуімен комиссияның жұмыс тәртібінің жариялануын қамтамасыз етсін.

         4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына Б.К Шәріповқа жүктелсін.

 

 

              Аудан әкімі                                               В. Дубовицкий

 

 


 

Қосымша

Өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын және өнімділігін арттыруға жергілікті бюджеттерден бюджеттік субсидияларды алуға ауылшаруашылығытауарөндірушілердің тізімін анықтау үшін аудандық ведомство аралық комиссия кұрамы

 

 

Болатбек Кәрімұлы Шәріпов - аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасы;

 

Асқар Қалкенұлы Исабеков  - «Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

 

Жармұхан  Тоқбергенұлы Сұлтанов - «Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»  КММ бас маманы, комиссия хатшысы;

 

Комиссия  мүшелері:

 

Канат Өсербайұлы Әбенов - «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы;

Бәкібай Әлібекұлы Әйтімбетов  - Ертіс аудандық ҚР АШМ ААИ аудандық аумақтың инспекциясының басшысы; (келісім бойынша)

Жанар Әбілқасанқызы Багиенова - Құжаттамамен қамтамассыз ету және құқықтық жұмысы бөлімінің   басшысы;  

Ерлан Халелұлы Жетпісов - Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы Ертыс аудандық   филиалының директоры (келісім бойынша)

Темірболат Әбішұлы Қабыкенов - «Павлодар АШҒЗИ» ЖШС селекция және бастапқы өсімдік шаруашылығы бөлімінің менгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

 

Ауыл және ауылдық округтарда егістік аңызды тексеріс жүргізілгенде комиссия құрамына ауыл және ауылдық округтар әкімдері еңгізіледі