Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап және ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінеді. Бұл құбылысты лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттілігін пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне пайдаланып азаматтардың немесе ұжымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соғатын әрекеттер деп анықтауға болады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 02.07 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы бойынша «сыбайлас жемқорлық» ұғымы мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың  лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы деген мағынаны білдіреді.

Бұл орайда  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы туралы сөз қозғар болсақ, бұл Заңның қолданылу аясы кең, яғни ол Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Сонымен қатар, бұл заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.  

Сонымен қатар жоғарыда аталған заңға сәйкес, жемқорлықтың қатерлі және ерекше  түрі ретінде парақорлық болып табылады. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша  парақорлық Бірақ та жемқорлықты парақорлықтан айыра білу қажет.

Жалпы, парақорлық 3 жеке қылмыс құрамын - пара алу мен пара беруді, парақорлыққа делдалдықты қамтитын жалпы құқықтық ұғымды білдіреді. Бұл үш құрамның арасында тығыз байланыс болғанмен, олар жеке қылмыс болып табылады, себебі олардың бір-біріне қатысты ерекше белгілері бар.  Бұл мемлекеттік билікке қарсы мемлекеттік қызмет мүдделеріне және жергілікті өзін-өзі басқару органдары  қызметі мүдделеріне қарсы қылмыстардың ішінде ең көне тарихы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық нысандары, көріністері мыналар болып табылады:

а) мемлекеттік билікке қарсы қылмыс, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүдделеріне қарсы күрес,

ә) лауазым адамының кез-келген басқа да қылмыстары, сонымен қатар лауазым адамы болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстары, егер олар қызметтік өкілеттілікті пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасалынған болса.

            Парақорлық барысында берілетін (алынатын) материалдық құндылықтар қылмыс заты болып табылады. Қылмыс заты – қылмыс құрамының қажетті белгісі.

Криминологтар жемқорлықтың 3 нысанын белгілеген:

            1) саяси жемқорлық (өз атауын бұқаралық ақпарат құралдарынан  анықтады). Бұл – мемлекеттік билік қызметкерлерінің заң мен мораль нормаларына қарсы баруы, көбінесе пара алу мақсатында емес, басты қағидат ретінде туыстық қатынастар, жақындық т.б. қалыптақсқан әулеттік қатынастар болып табылады;

            2) қылмыстық әрекетпен байланысы және лауазымды тұлғалардың сыйақы алу үшін параға сатылуы негізінде қылмыскерлерге белгілі бір көмек көрсетумен байланысты жемқорлығы. Бұнда екі жақ та пайдакүнемдік мақсатты көздейді;

            3) тараптардың біреуіне қолайлы режим жасау үшін лауазымды тұлғалардың арнайы категорияларын қылмыстық әрекетке тарту мақсатындағы заңсыз қатынастардың құрылуы.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған мәселе бойынша оларға қарсы күресу бойынша құқыққорғау және мемлекеттік органдар тарапынан әр түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда, бірақ та өкінішке орай сыбайлас жемқорлық қоғам дертіне айналған сияқты.