Бүгін: 21 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстандағы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатында негізгі басымдылықтардың біреуі болып анықталған.

            Сыбайлас-жемқорлық деген қызмет бабының жағдайын пайдалану, пара беру, пара алу, өкілеттікті пайдалану,коммерциялық параға жығу немесе қоғамның және мемлекеттің заңды мүдделеріне қарамастан ақшалай, құндылықтай, басқа да мүліктей немесе мүлікті қызметтердей, басқа мүліктік құқықтар өзі үшін немесе үшінші тұлғалар үшін лауазымды тұлға атынан өзінің лауазымдық өкілеттігін заңсыз пайдалану, немесе аталмыш адамға басқа жеке тұлғалар атынан сондай тиімділікті заңсыз беру, жәнеде заңи тұлғаның атынан немесе оның мүдделеріне сай аталмыш қылмыстар жасау.

            Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды тұлғамен істелінетін істер алаяқтыққа ұқсас, және мемлекеттік билікке қарсы қылмыстар категориясына жатады.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік-саяси деңгейде тұрғаны кездейсоқ емес және ел басшысымен бақыланып тұрады.

            Республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін заң базасы ұйымдастырылған, яғни «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін қосымша шаралар туралы, Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметінің әрі қарай толық жетілдіру және басқа да нормативтік құқықтық актілер».

ТМО мемлекеттердің ішінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды 2 шілде 1998 жылы бірінші әзірлеген және қабылдаған Қазақстан.Бұл Заң азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық байқалатын қауіп-қатерден  қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарының, лауазымды және мемлекеттік міндеттерді атқаратын басқа тұлғалардың,  жәнеде оларға теңестірілген адамдардың ескерту, табу, тыйым салу және сыбайлас жемқорлықпен байланыстағы құқық бұзушылықтарды ашу,олардың зардаптарын жою, айыптыларды жауапкершілікке тарту арқылы тиімді қызметті қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаларын анықтайды, сыбайлас жемқорлықпен байланыстағы құқық бұзушылықтардың түрлерін жәнеде жауапкершілік басталатын шарттарын белгілейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзырет шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.

 Бірінші рет Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұлғаларды өткізуге қатысты ынталандыру шаралар қарастырылған, мемлекеттік қызметкерлерге оған белгілі сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары туралы жағдайларды хабарлуға міндет жүктелген.

            Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ертіс ауданының жергілікті атқаратын органында  жүйелі және кешенді  өзгешелікті қабылдады. Сыбайлас жемқорлық сұрақтары аудан әкім аппаратының мәжілістерінде қарастырылады.

Сонымен қатар, ауданда сыбайлас жемқорлық сұрақтарына қатысты аудан әкімі В.И.Левченконың төрағалығымен аудандық комиссия жұмыс жасайды, комиссия мүшелері-аудандық маслихат хатшысы, күштер құрылымдарының басшылары, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының өкілдері, «Иртыш» пен «Ертіс Нұры» газеттерінің редакциялары.

            Тоқсан сайын өткізілетін мәжілістерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты орындалатын шаралар туралы ауданның мемлекет органдарының бірінші басшыларының есептері тыңдалады.23 қыркүйек күні өткізілген комиссияның кезекті мәжілісінде барлық мүдделі органдарының қатысуымен кеңейтілген мәжілісте 2010 жылдың қорытындысын шығару жөнінде шешім қабылданды.   

Комиссия жұмысының қорытындылары жүйелі түрде жергілікті баспасөзінде жарияланады, қызметкерлер  заңдарды түсіндірумен, өзекті тақырыптарға қатысты жарияланымдармен  белсенді көрінеді. Кадрларды іріктеуге, орналастыруға және тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді.

            Аудан әкімінің аппаратында жүйелі түрде ағымдағы заңнаманы зерделеуіне оқу сағаттары, жәнеде сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамасының нормалары жөнінде семинарлар өткізіледі.  

            Сыбайлас жемқорлық- барлық қоғам күресетін өте қиын мәселе екені сөзсіз.